Әлем • 12 Қазан, 2018

Роналду жақын арада құрамаға орала ма?

87 реткөрсетілді

Криштиану Роналду жақын арада өз құрамасымен бірге футбол алаңына орала алады. Бұл жаңалықты бас бапкер Фернанду Сантуш та жоққа шығармай отыр, деп хабарлайды euronews.

Бұған дейін ойыншының ұлттық команданың қазан және қараша айындағы матчтарына қатыспайтыны белгілі болды. Айтылған себептер әрқилы. Олардың ішіндегі ең басты себеп - футболшының өз өтініші.

Фернанду Сантуш, Португалия құрамасының бас бапкері: «Роналду бұл командаға толық берілген жан. Сондықтан ол командаға қайта оралмайды деп ойлауға себеп жоқ. Біз әлемнің үздік футболшысы туралы айтып отырмыз. Мен сіздердің сұрақтарыңызды түсінемін, бірақ мен Роналду жоқ кезде бұл тақырыпты талқылағым келмейді. Әзірге мұндағы ойыншыларға көңіл бөлу керек. Мен осы футболшыларға сенім артамын және жақын арадағы матч кезінде тамаша ойын көрсете алатынымызға сенімдімін» [Польшаға қарсы]

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Сауаптан құр қалмаңыз

Руханият • Кеше

Игі істердің ұйытқысы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар