Қазақстан • 12 Қазан, 2018

Үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру 22 есеге ұлғайған

84 реткөрсетілді

Соңғы оң жылда үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру 22 есеге ұлғайған. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог, Ынтымақтастық, Жауапкершілік» VIIІ Азаматтық форумында мәлімдеді.

- Мүмкіндіктері мол, кәсіби білігі мен ұстанымы биік үкіметтік емес ұйымдар – елдің қуатын арттыратын, мемлекеттің тұрақтылығын күшейтетін аса маңызды қоғамдық институт. Сол себепті, еліміздегі азаматтық бастамаларға қолдау және жан-жақты көмек көрсетіледі. Нақты цифрларға келсек, осыдан он жыл бұрын облыстағы қоғамдық ұйымдар саны 150 ғана болса, қазір бір мыңға жуықтады. 2009 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына 45 млн. теңге бөлінсе, қаржы көлемі 22 есе өсіп, биыл 1 млрд. теңгеге жетті, - деді облыс әкімі.

Форум барысында аймақ басшысы ҮЕҰ-дың басшылары мен белсенді мүшелерін алғыс хатпен марапаттады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Сексеуіл, тораңғы және ілбіс

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар