Экономика • 12 Қазан, 2018

Қызылордалықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2 млрд 864 млн теңге аударды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордалық тұрғындар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2 млрд 864 млн теңге аударды.

Қызылордалықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2 млрд 864 млн теңге аударды

Қызылорда облысының әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы осындай мәлімет беріп отыр.

Оның 2 млрд 708 млн теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 155 млн теңге - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Жанақорған мен Қазалы аудандар көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы