31 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №393

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 7 сәуір                                  Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты; 2) «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты; 3) «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты; 4) «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты; 5) «Еңбек ету қабілетінен айырылу; асыраушысынан айырылу; жұмысынан айырылу; жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты; 6) «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты; 7) «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрi    К.МӘСІМОВ. ТОЛЫҚ МӘТІН