Қазақстан • 12 Қазан, 2018

Өзбекстандағы вибросынақтарға Қазақстан ғылыми тұрғыда мүдделестік танытып жатыр

404 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өзбекстанда ірі панельді 9 қабатты үйлерге вибродинамикалық сынақтар басталды, деп хабарлайды Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының баспасөз қызметі.

Өзбекстандағы вибросынақтарға Қазақстан ғылыми тұрғыда мүдделестік танытып жатыр

«Өзбекстандағы қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша сериялық өндіріске енгізу жоспарланған жаңа құрылымдық сызбаның сейсмикалық төзімділігін тексеріліп жатқан эксперименттерді Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары жүргізуде.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ басқарушы директоры Ералы Шоқбаров эксперименттік зерттеулерді жүргізу барысында алынған талдамалық мәліметтер ғылыми мүддеге ие және Қазақстанда қолдануға болады деп есептейді.

«Ташкенттегі вибродинамикалық сынаулар – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық ынтымақтастығы үшін маңызды оқиға. Сейсмикалық төзімділікке байланысты сынақтар барысында белоруссиялық жобалаушылар әзірлеген жаңа құрылымдық сызба тексерілетін болады. Берілген құрылымдық шешім сейсмикалық қауіпті аймақтарда бұрын қолданылмаған. Сондықтан экспериментальды тексерісті талап етеді. Мұндай зерттеулер көтергіш элементтерінің нақты шарттарын модельдеуге және олардың сейсмикалық әсер етулеріне қарсы тұру қабілеттілігі туралы ақиқи ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Қазақстан аумағының бір бөлігі сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақта орналасқандықтан, экспериментальды тексерістерден алынған нәтижелерді біздің институтымыздың сарапшылары да зерттейді. Осыдан кейін ол Өзбекстандағы ғана емес, сондай-ақ Қазақстанда да пайдаланылады» – дейді Ералы Шоқбаров.

Ғимаратты теңселту оның бетінде орнатылған В-3 үлгідегі инерциялық әрекет ететін вибромашинамен қозатын болады. Вибрациялық машинаны қолдану сынаулар кезінде зерттелетін көтергіш қабырғалық құрылымдардың жүктелуінің динамикалық сипатын іске асыруға және сейсмикалық үлгідегі жүктемелер кезінде олардың әрекет етудің негізгі ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Вибродинамикалық сынаулар 5 кезең арқылы жүргізіледі деп жоспарланған. Сынаулардың әрбір кезеңінде ғимарат бір сарындыдан бастап амплитудалармен белгіленетін шетке дейін теңселетін болады. Әр кезеңнен кейін вибрациялық сынауларды жүргізген кезде: теңселулерді тіркеу және алдын ала деректерді өңдеу, құрылымдарды визуалды зерттеу, пайда болған зақымдарды фотобелгілеу, сондай-ақ ғимараттардың теңселулерін бейне-түсірілімдеу іске асады. Вибросынаулар барысында алынған құрылымдардың жылжуының үдеулері туралы деректер кейін жойқын жер сілкінісі болған жағдайда ғимараттың әрекетін талдау үшін қолданылмақ. Сонымен қатар «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары бетонның нақты беріктігінің жобаға сәйкестігін тексереді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ