Аймақтар • 13 Қазан, 2018

Мәулен Әшімбаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

284 реткөрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Онда ол Мемлекет Басшысының халыққа Жолдауын талқылау бойынша партия активімен кездесті және Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданының әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты.


- Қызылорда облысының ежелден бері өзіндік дәстүр-салты мен мәдени құндылықтары бар екені белгілі. Бүгінде аймақ қарқынды дамып келе жатқанын жаңа қала құрылысынан, цифрландыру мен кәсіпкерлік бойынша жүргізіліп жатқан жобалардан анық көруге болады. Бұл жұмыстарды Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес нақты тапсырмалар аясында жалғастыру керек. Ал партияның міндеті кең ауқымды ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, іске асыру жолдарын көрсетіп, өңірлердегі тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау болып табылады, - деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Партия активін жүргізіп отырған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Мемлекет Басшысының Жолдауындағы баяндалған адами капиталды дамытудың маңызы жайында айтты. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту облыста үш маңызды мәселенің шешім табуына атап айтқанда, салық базасын жақсартуға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететінін баяндады.

Жиында сөз алған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қылышбай Бейсенов облыста білім беру саласындағы қол жеткен жетістіктер жайын таратты. Облыс аумағындағы қат мамандықтар бойынша 500-ге тарта жастар Мәскеу және Санкт-Петербург жоғары оқу орнында оқып жатыр. Жастардың оқу-білімге құштарлығы мектеп түлектерінің 97 пайызға жуығы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім алып жатқандығынан көрінеді.

Облыста кәсіпкерлікті дамыту дұрыс жолға қойылған. Жұмысқа ынтасы бар, кәсіпкерлікке бейім азаматтар үшін барлық жағдайлар жасалған. «Бизнестің жол картасы» арқылы отағасы екеуі шұлық цехын іске қосқан Айгүл Мұхамбетжанова шағын және орта бизнестін өркендеуіне қамқорлық жасап отырған Мемлекет Басшысына кәсіпкерлер атынан алғысын білдірді.

«Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес жастардың бастамаларына қолдау көрсету бойынша аймақта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Облыс әкімдігінің ғимаратында Мәулен Әшімбаев Ситуациялық орталықтың жұмысымен танысып, Қызылорда облысының тәжірибесін республика бойынша тарату қажеттігін айтты.

Жұмыс сапарында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Сырдарияның сол жағалауынан «7-20-25» бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үй құрылысы нысандарымен танысты.

Қызылорда облысында халық санының өсуіне байланысты тұрғын үйге қажеттілік қатты байқалады. Қазірдің өзінде 27 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Аталған мәселені шешу үшін мұнда 1532 гектар жерге жаңа аудан салынып жатыр.

Бұл жерде таяу уақытта 320 орындық балабақша, жастар ресурс орталығы, «Болашақ» университетінің білім беру кампусы, неке сарайы, көп салалы емханасы бар аурухана, физика-математикалық мектеп және отбасылық медицина орталығы бой көтереді деп жоспарланған.

Облыста «Орда» тұрғын үй құрылысының «Жол картасы» қолға алынып, алғашқы салымсыз-ақ несиеге тұрғын үй сатып алуға жол ашылды. Осылайша, өңірде Президенттің Жолдауда айтқан баспанаға мұқтаж жандарға нақты көмек көрсету туралы тапсырмасы орындалып жатыр.

Бұдан соң Мәулен Әшімбаев №3 С.Толыбеков атындағы мектеп-лицейінің және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында орналасқан ІТ–парк жұмысымен танысты.

«Кәсіпкерлікке арналған геоақпараттық онлайн қызметі» партиялық жобасы шеңберіндегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды. Орталықта кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша жер мәселелері, сәулет және құрылыс, инженерлік желілерге қосылу, мемлекеттік кіріс мәселелері, қаржы институттары үшін қаржыландыру шарттары, банкке дейінгі және кейінгі жобаларды қолдау бойынша 40-тан астам қызмет түрі ұсынылады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Бұл республика көлемінде теңдесі жоқ орталық болып табылады.

Сол күні «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Сырдария ауданындағы бес мыңға жуық халқы бар Шаған ауылдық округінде халықпен кездесу өткізді. Елбасының Жолдауындағы стратегиялық тапсырмаларды іске асырудың еліміздегі барлық тұрғындар үшін маңызды екендігіне тағы көңіл аударды.

- Баршамыз Президент идеяларын түсіндіріп қана қоймай іске асуына атсалысуымыз керек. Өйткені, ол тапсырмалар еліміздің келешегін айқындайтын стратегиялық құжат. Осы бағыттта қоғамдық мониторинг жүргізіледі,-деді ол.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Кеше

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Кеше

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Кеше

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Кеше

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Кеше

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар