Руханият • 13 Қазан, 2018

Аманкелді Кененбаевтың «Сырдария» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті

751 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында қалалық көркемсурет галереясында КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Сыр өңіріне арналған бірқатар картиналардың және Мұстафа Шоқай, Әбділдә Тәжібаев, Жанқожа батыр ескерткіштерінің авторы Аманкелді Кененбаевтың «Сырдария» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

 Аманкелді Кененбаевтың «Сырдария» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті

Кездесуге арнайы келген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев:  

Өз бастауын ғасырлар қойнауынан алатын Сырдың қасиетті де қастерлі топырағы талай талантты тұлғаларды дүниеге әкелді. Қазақтың тұңғыш ұлттық драма театрының сахна көркемдеушісі болған халық шебері Ләтипа Хожықовадан бастап, ағайынды Қожахмет және Құлахмет Хожықовтар, Сахи Романов пен Салихитдин Айтбаевтар қазақ бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосты. Аманкелді Кененбаев - Сыр бойы бейнелеу өнерін биікке көтеріп келе жатқан ерекше есім. Суретшінің 2015 жылы АҚШ пен Жапонияда өткізілген көрмесі талғампаз қонақтардың назарын аударғанын білеміз. Францияның Ножан-Сюр-Марн қаласында тұрған Алаш арысы Мұстафа Шоқайдың мүсіні де Аманкелдінің қолынан шыққан. Өзіміз күн сайын көріп жүрген Жанқожа батырдың еңселі ескерткіші мен ақын Әбділдә Тәжібаевтың тас мүсінінің авторы да осы суретші. Бұған дейін жыл басында еліміздің рухани астанасы - Алматының төрінде «Сұлутөбе» атты жеке көрмесі ашылса, бүгін суретшінің «Сырдария» атты көрмесі назарларыңызға ұсынылып отыр,-деді.

Айта кетейік, Аманкелді Кененбаевтың туындылары ТМД елдерінде және АҚШ, Канада, Португалия, Будапешт, Израиль, Норвегия, Германия т.б мемлекеттердегі көрмелерде қойылған.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18