Аймақтар • 13 Қазан, 2018

«Қалқан-2018» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының Сырдария ауданында аумақтық қорғаныс-әскери бөлімдерінің жиыны өтті деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

«Қалқан-2018» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев, Сырдария ауданының әкімі Ғ.Казантаев пен аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен өтіп жатқан жаттығуға 300 адам және 22 арнайы техника қатысуда.

Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысушыларды әскери операцияны сәтті өткізуімен құттықтап, үздіктерді марапаттады.

- Ел Президенті – Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің біртұтастығын, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, өмір сүру және аса маңызды нысандарды күзету мен қорғауда аумақтық қорғаныс құрылымдарының орыны ерекше екенін әрдайым айтып келеді. Қай заманда болмасын ата-бабамыз от пен оққа оранып, жанын қиса да, арын сатпаған, бір сүйем жерін жау қолына ұстатпаған. Кешегі өткен Жалаңтөс Баһадүр, Жанқожа және Бұқарбай батырлардай елі мен жері үшін, халқының қамы үшін жанын берер азаматтарымыз бүгінгі күні де аз емес,-деді облыс әкімі.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ