![Бүгін Қазақстан мен Латвия ұлттық құрамаларының ойыны болады (видео)](/article_photo/1539428666_article_b.jpeg)
Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы үшінші кездесуін өткізеді. Бұл жолғы қарсылас - Латвия ұлттық құрамасы. Ұлттық құрамалардың ойыны Риганың «Даугава» стадионында өтеді.
Бұл - біздің құрама үшін маңызды ойын. Ұлттар лигасының топтық кезеңінен өту үшін Латвия құрамасын жеңуі шарт.
Ұлттық құрама Латвиямен 5 ойын өткізген. Қоржынымызда Исламбек Қуат сыйлаған жеңісті бір ойын бар. Одан бөлек, екі кездесу Латвия жеңісімен аяқталса, екеуі тең түскен ойындар.