Аймақтар • 13 Қазан, 2018

Атырау облысында жастарды дамыту мәселелері талқыланды

252 реткөрсетілді

Атырау облысы әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан жастарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамтамасыз ету, жастар саясатын жүзеге асыру, жастар ұйымдарын біріктіру туралы мәлімдеді.

- Ресурстық орталықтар жастармен үлкен жұмыс жүргізуде. Бүгінде олар облыстың барлық аудандарында құрылған. Бұл орталықтар жастарға нақты көмек көрсету орнына айналды. Оларға жыл басынан бері түрлі мәселелер бойынша 1,8 мыңнан астам адам өтініш білдірген. Жалпы айтқанда,жұмысқа орналасу, шығармашылық идеялар және өз ісін ашу бойынша өтініштер түсіп отыр,- дейді Роллан Құспан.

Бүгінгі таңда облыста шамамен 147 мың жас тұрады, бұл облыс халқының 24% -і.

- Жыл басынан бері 5 мыңнан астам адам қатысқан 27 жастар жәрмеңкесі өткізілді. 70 кәсіпорын 900 бос жұмыс орнын ұсынды, нәтижесінде 130 жас жұмысқа орналасты, - деп атап өтті Роллан Құспан. – "Жасыл Ел" бағдарламасы бойынша жастарды жазғы уақытта жұмысқа тарту бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілді. 2150 студент және жұмыссыз жастар осы жобаға қатысуға мүмкіндік алды. Осы мақсатта жергілікті және республикалық бюджеттен 140,5 млн. теңге бөлінді.

Жастарды жұмысқа орналастырудың тағы бір бағыты "Дипломмен ауылға" бағдарламасы. Жыл басынан бері 32 жас маман бюджеттік несие алды. 125 – көтерме жәрдемақы. Жас мамандарды ауылға тарту мемлекеттің басым міндеттерінің бірі.

Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының айтуынша, облыс жастары бүгінде түрлі мәдени, спорттық, шығармашылық жобалармен қамтылған. Бұл – пікірталас клубы, Дельфий ойындары, этнофестивальдар, жастар театры және тағы басқалар.

Кеңес отырысында Қызылқоға ауданының әкімі Арман Баженовтың баяндамасы тыңдалды. Ауданда жастарды қоғамдық өмірге тарту бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Бұл – жас мамандарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік және мемлекеттік қолдау көрсету және түсіндіру.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиналысты қорытындылай келе, жастар саясаты бойынша өңірде көптеген пайдалы жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Бірақ, кейбір мәселелер де бар.

-Бірінші кезекте,бұл жастарды жұмыспен қамтамасыз ету. Әр қала,аудан бойынша талдау жүргізу қажет. Қазір ЖОО-ның қанша түлегі жұмыссыз, ұсынылатын жұмыстан бас тартудың негізгі себебі қандай? Өздеріңіз білесіздер,жұмыс берушілер 900 бос қызмет орнын ұсынып және тек 130 адам жұмысқа орналасып отыр. Біз жастарға мемлекет ұсынатын барлық жағдайды түсіндіруіміз керек, - деді Нұрлан Ноғаев.- Елбасы өзінің жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Біз қандай жұмыс жүргіземіз? Бұл үшін не қажет? Бұл мәселелердің барлығы күнделікті бақылауда болуы тиіс.

Жиында жастар саясатын дамыту бойынша жаңа жоспарлар айтылды. 2019-2021 жылдарға арналған өңірдің «Жол картасы» әзірленуде, онда жастармен жұмыс жасаудың стратегиялық бағыттары айқындалған.

Облыс басшысы жастар ресурстық орталықтарын одан әрі қолдау жөніндегі ұсыныстарды мақұлдап, әкімдерге орталықтарды барлық деңгейдегі қажеттіліктермен қамтамасыз етуді тапсырды.

- Жастар жиналатын орындар. Бұл орталықтарда өзге де жастар ұйымдары орналаса алады. Туындаған мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасып, жастармен жұмыс істеудің бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеуге мүмкіндік алады, - деп есептейді Нұрлан Ноғаев.

– Өйткені бүгінгі таңда жастар қозғалысының көшбасшылары барлық жас ұрпақты көштеріне ілестіріп, оларды жақсы істерге бағыттауы тиіс. Сөзіме жастар назар аударатын тақырып қозғайтын жастар театры мысал. Жұмысқа ақсақалдар, қоғамдық кеңестер, депутаттар, аудан әкімдері, барлық бөлімдердің басшылары қатысуы тиіс. Тек бірлескен күш-жігерімізбен ғана біз алдымызға қойылған міндеттерді орындай аламыз.

Кездесу барысында жастар ұйымдарының басшылары облыс әкімінен кеңселермен қамтамасыз етіп, жастар бастамаларын дамытуға арналған несиелерді субсидиялауды өтінді. Нұрлан Ноғаев Атырау қаласында жастар сарайының,шығармашылық орталықтың құрылысы жүріп жатқанын еске салды. Сол ғимараттарда жастарға барлық жағдайлар жасалады.

- Жастармен жұмыс жасау жауапты әрі қиын жұмыс. Біз сіздердің бастамаларыңызды әрқашан қолдаймыз. Қаржылық жағынан да қолдау білдіреміз,- деп қорытындылады облыс әкімі.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар