Бағдарламалар • 15 Қазан, 2018

Елге қамқорлық рухы еседі

202 реткөрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басты ерекшелігі әрине оның әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, әлсіз қамтылған қалың халық қамына бағышталуы болды. Бүгінде үлкен қалада немере­ле­рімізді жетектеп балабақшаға барамыз, мектепке барамыз, ауруханаға барамыз. Сонда алдымыздан адам айтса нанғысыз айлық алатын жас ұстаздар шығады, тәрбиешілер, медбикелер шығады. Біз ыңғайсыз күйге түсеміз. Мардымсыз айлық алатын адамнан қалай мардымды жемісті жұмыс талап етуге болады?! Жолдау осы кемшіліктің орнын толтыруға бағытталған. Ра­сында балабақша, мектеп біз­дің болашағымызды тербеткен тал бесік емес пе? Одан неге қаржы аяуға тиіспіз?! Немесе өз ден­сау­лығымыздан өзіміз неге қаржы аяуға тиіспіз? Жолдау осынау әлеу­меттік тұрғыдан әлсіз қамтылған көпшіліктің ең төменгі жалақысын 1,5 есеге көтерді. Және алдағы жыл­ды «Жастар жылы» деп жария­лады. Алматыда тұрамыз. Соңғы ширек ғасырда жастар ауылдан Алматыға шұбырды. Қайда қарасаң да мықшыңдап қаланың қара жұмысын істеп жатқан жастарды көреміз. Бәрі кешегі ауыл жастары. Көбі үйленбеген. Үйлену үшін үй керек. Үй алуға қалта жұқа. Мінеки, бүгінде жүздеген мың жастардың басында бар осынау проблемаларды шапшаң шешудің жолдарын нұсқап отыр жаңа Жолдау. 

Алдағы «Жастар жылында» сол пәтерден пәтерге көшіп жүрген жүздеген мың жастардың баспана мәселесін шешудің жолдарын көрсетті. Жүздеген миллиард қаржы бөлінді. Жұртқа ұнағаны сол, Елбасы жергілікті әкімдерге қатты айтты. Қадап айтты. «Қолыңа қаражат берілді. Соны үнемдеп жұмса! Шашпай-төкпей халықтың қамына жұмса! Қалай да халықтың әлеуметтік мәселесін шеш» деді. Мектеп мұғалімдерінің мәртебесін көтеретін заң қабылдау қажеттігін айтты Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұл тіпті жұрт күтпеген жаңалық болды. Елімізде соңғы елу жылда ұстаз беделі түсіп кеткені рас. Жа­лақысы аз болғаннан кейін мек­тепке ер адамдар баруды қойды. Мектептерде ер ұстаз­дар­дың жоқ болуы ұл балалар тәр­биесіне кері әсер етті. Мек­теп мұ­­ғалімдерін сабақтан тыс жи­­на­лыс­тарға қуалай беру әдетке айналды. Демек, жаңа заң бұдан былай мұғалім мәртебесін көтереді деп үміттенеміз. Жолдаудың өн бойынан осындай қалың халық қамына арналған қамқорлық рухы есіп тұрды. Лайым осы қамқорлық халық игілігіне айналғай! 

Смағұл ЕЛУБАЙ,

жазушы

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Кеше

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Кеше

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Кеше

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Кеше

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Кеше

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар