Аймақтар • 15 Қазан, 2018

Шұғыл көмек берудің тиімді үлгісі

393 реткөрсетілді

Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі бүгінде өте қажет болып отыр. Елімізде мұндай жүйені құру жол-көлік оқиғасы немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде адам өмірінің қауіпсіздігін сақтауға сеп болмақ. Себебі кейінгі кезде жол-көлік оқиғалары кезіндегі өлім-жітімнің көбейіп кетуі баршамызды алаңдатады. 

Ресей үкіметінің ТМД елдері аума­ғын­да Авариялар мен апаттар кезіндегі жедел қызметтерді шұғыл шақыру жүйесін құру және енгізу туралы ұсынысы аясында Қазақстан Премьер-Министрінің тап­сырмасына сәйкес, 2012 жылы Қазақ­станда «ЭРА-ГЛОНАСС» аналогын рес­пуб­­ли­камызда құруды үйлестіру үшін мем­­лекетаралық жұмыс тобы құрылған. Бұл жүйе – Қазақстан, Беларусь және Ре­сей ара­­сындағы үшжақты үкімет­ара­­лық келісім негізінде «Доңғалақты көлік құ­рал­­дарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 Кеден одағының (КО) техни­ка­лық регламентіне сәйкес әзір­леніп жат­­қан және ауыр жол-көлік оқиғалары кезін­де шұ­­ғыл жедел қызметтердің әрекет ету уа­қы­­тын қыс­қартуға бағытталған әлеуметтік жоба. 

КО-ның талаптарын орындау мақ­сатында 2013 жылы Қазақстан Көлік және ком­муникация министрлігі GPS/ГЛОНАСС, UMTS/GSM технологиялары негізінде Авариялар мен апат­тар кезінде шұғыл шақыру­дың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлеуге арналған техни­калық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірледі. ТЭН барлық мүдделі органдарда мақұлданды. Техникалық регла­мент­терге сәйкес, 2015 жылдың 1 қаң­­тарынан бастап көлік құралдарын шұ­ғыл қимылдайтын жедел қызмет­терді шақыру құрылғысымен жабдықтау бойынша нормалар күшіне енді. 

Инвестициялар және даму министр­лігі 2016 жылы авариялар мен апаттар кезін­дегі шұғыл шақыру жүйесі жо­басы­ның әкімшіліктендіруін Аэро­ғарыш коми­тетіне (Қазғарыш) тапсырды, ол кейін­нен Қорғаныс және аэроғарыш өнер­кәсібі министрлігінің қарамағына өтті. Қазғарыш жедел қыз­мет көрсету қызметтері шұғыл шақы­ру жүйесінің әзір­леу­шісін анық­тау бойынша конкурс жария­лады. Конкурс жеңімпазы болып Қор­ғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нистр­лігінің Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыш­тық зерттеулер мен технологиялар ор­та­лығы» АҚ «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС (Институт) анықталды. 

2017 жылғы 1 қаңтардан бас­тап М са­на­тындағы (жолаушыларды та­сымалдау үшін пайдаланыла­тын) көлік құралдарына және N сана­тын­дағы (тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын) автокөліктерге ар­налған шұғыл қимылдайтын жедел қыз­­меттерді шақыру құрылғысымен жаб­­­­­дықтау міндеттерін белгілейтін КО-ның тех­­ни­калық регламентінің талап­тары күшіне енді. 2017 жылдың сәуірін­де жү­йе­нің операторы болып «Ғарыш­тық тех­ника және технологиялар инсти­туты» ЕЖШС тағайындалды. Кеден ода­ғы тех­ник­­а­­лық регламентінің та­ла­п­тары Еуро­па­лық одақтың реттеуші ор­­ган­­дары­ның кел­ісімінен өткенін де айта кеткен жөн. Дерек­терді жіберу бір­ыңғай стандарт бойын­ша ЕАЭО-да да, Еуропалық одақта да eCall жүйесі ар­қы­лы жүзеге асыруға қол жет­кізілді. Жол-көлік оқиғалары кезін­де қай жерде бол­саңыз да, мейлі Еуропа­да, Бела­русь, Ре­сей елдерінде, әлде Қазақ­стан­да бол­­сын уақтылы көмек көрсетілетін болады. 

Осы жүйеге ұқсас жобалар көрші елдерде де қолданысқа енгізілген. Мәсе­лен, Ресейде 2017 жылдан бастап «ЭРА ГЛОНАСС» апаттар кезінде шұғыл әре­кет ету жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл әлемдегі алғашқы міндетті және тегін шұғыл шақыру жүйесі болып табылады. Беларусь Республикасының жол­­­дарында және өзге де төтенше жағ­­дай­­лардағы апаттар, жол-көлік апат­тары ту­ралы осы елде GPS/ГЛОНАСС сиг­нал­д­арын қолдану арқылы жедел ақпа­рат алуға арналған «ЭРA-РБ» жүйесі бар. 

Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі – навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары мен деректерін пайдалана отырып жұмыс істейтін, шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерге Қазақстанның автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы қалыпқа түсірілген ақпарат беру­ді қамтамасыз ететін мемлекеттік авто­мат­тандырылған ақпараттық жүйе. Ол GPS/ГЛОНАСС сияқты нави­гациялық спут­никтік жүйелердің деректерін қол­дану арқылы жұмыс істейді. Аталған спут­никтік деректерді пай­далану жол-көлік оқиғасына ұшы­раған және көлік құралының нақты орналасқан жерін жедел анықтауға мүмкіндік береді. 

Аталған шұғыл шақыру жүйесінің негізгі міндеті – арнайы қызметтерді хабар­дар ету уақытын қысқарту, яғни құт­қару қызметтері келгенге дейін жол-көлік апат­тарында зардап шеккен адам­дарға пси­хологиялық қолдау көрсету және ұлттық жолдардағы өлім-жітімді төмен­дету, апат болғанда адамдарды қолай­лы жағдаймен қамтамасыз ету үшін инновациялық құрал жасау.

Мобильді телефоннан айырмашы­лығы, ол барлық ұялы байланыс оператор­ларымен жұмыс істейді. Төтенше жағдай туралы ақпаратты беру үшін құрылғы аймақтағы ең жоғары сигнал деңгейін автоматты түрде таңдайды. Жедел-құтқару қызметтеріне жіберіл­ген Авариялар мен апаттар кезіндегі шұ­ғыл шақыру трафигіне ұялы бай­ланыс операторының деректер желі­лерінің айтарлықтай шамадан тыс жүк­телуіне қарамастан, төтенше жағ­дай орын алған деректер пакетін жеткізуге мүмкіндік беретін басымдық мәртебесі берілді. Желіде телефон қоңыраулары көп болған жағдайда ақпарат беру үшін басқа абоненттердің телефон қоңы­раулары өшірілуі мүмкін. Бұл өз кезе­гінде жүйенің операторына қауіп-қатер сигналын беруді қамтамасыз етеді. 

Осы жүйе орнатылған автомобиль иелеріне оқиғаның орын алғаны туралы операторға түсінік беру қажет емес. Оператор көлік құралының орналасқан жерінің дәл координаттарын өзі алады. Бұл жүйе бастапқыда тек стандартты режімде жұмыс істейді, яғни опе­раторға төтенше жағдай туралы сиг­нал береді. Жүйенің адамдарды құтқару базалық функциясы үнемі тегін болады. 

Жүйені құру бойынша жобаны іске асыру мерзімі – 2016-2018 жылдар. 2018 жылғы бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарының әзірленуі аяқталғаннан кейін жүйе құралдармен жабдықталып, оның ақпараттық қауіпсіздігіне аттестация жүргізіледі. Жобаны 2018 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, одан кейін ведомствоаралық комиссия жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы шешім қабылдайды. 

Автокөліктерде орнатылған авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі бар автомобиль иелері оның қосылу туралы алаңдаудың қажеті жоқ. Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін бұл түйме автоматты түрде жұмыс істейді. Автомобильдерді тіркеу автомобиль өндірушілер, дистрибьюторлар немесе аттестатталған орнату орталықтары арқылы жасалады. Жүйенің операторы – Ғарыштық техника және технологиялар институты көлік құралдарын тіркеуді жүзеге асырады. Қазіргі уақытта институт жүйені ресейлік «ЭРА-ГЛОНАСС» операторымен біріктіруді жүзеге асырып жатыр. Роумингтік келісім қазір қол қою сатысында. Осы арқылы Ресей аумағында көмекке мұқтаж қазақстандық жүргізу­шілер құтқарылады. Сондай-ақ Қа­зақстан аумағында көрші мемле­кет­тің жүргізушілері біздің құтқару­шы­ларымыздан көмек ала алады.

Қорытындылай келе, Қазақстанда пай­даланылып жатқан шұғыл қи­мыл­дай­тын жедел қызметтердің құрыл­ғысымен жабдықталмаған автомобильдер үшін Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі міндетті емес екенін айтып өткен жөн. Алайда жеке қауіпсіздік үшін және жолдағы кезде, кез келген басқа да төтенше жағдайда көмек көрсету мақ­сатында аталған жүйе дербес орнатылуы мүмкін. Ол үшін аттестатталған ор­нату орталықтарының біріне хабар­ла­суға болады. Олардың тізімдері жа­қын арада Авариялар мен апаттар кезін­дегі шұғыл шақыру сайтына (evak.online) орналас­тырылады. Бұл жерде әр­кім жолдардағы қауіпсіздіктің қан­ша­лық­ты маңызды екенін өзі шешуі керек.

Сонымен қатар бұған дейін Бас көлік прокуратурасы мәлімдегендей, мемлекет аумағына аталған құрылғысы жоқ автомобильдерді кіргізуге шектеу жоқ, өйткені олар сертификатталған дилерлік орталықтарда орнатылуы мүмкін. Бұл ретте Қазақстан аумағында одан әрі пайдалануға және әке­лінген көлік құралдарын тіркеу үшін көлік құралдары шұғыл шақыру құрыл­ғысымен жабдықталуы керек.

Марат НҰРҒОЖИН,

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Бүгін, 08:49

Алаштанушы ғалымның белесі

Руханият • Бүгін, 08:47

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Бүгін, 08:46

Намазалы Омашұлы: Ел шежіресі

Руханият • Бүгін, 08:42

Тараз шаһарындағы тамаша түн

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Тұңғыш Тіл форумы өтеді

Қоғам • Бүгін, 08:36

Патриархтың орындалған парызы

Руханият • Бүгін, 08:33

Кедергісіз келешек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Жошы ханға ескерткіш орнатылады

Руханият • Бүгін, 08:24

Қазақтардың атқа міну мәдениеті

Қазақстан • Бүгін, 08:22

Еуроны сатып алушылар көбейді

Экономика • Бүгін, 08:20

АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?

Экономика • Бүгін, 08:15

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ұқсас жаңалықтар