31 Желтоқсан, 2011

Көпшілік көңілінен шықты

457 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның социал-демокра­тия­лық «Ауыл» партиясы өзінің сай­лауалды тұғырнамасын насихаттау ісін еліміздің әр өңірінде қызу қарқынмен жүргізуде. Тек кешегі күннің өзінде ғана партия атынан Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткер ретінде тіркелген партия мүшелері 20-ға тарта кездесу өткізді. Солардың бірі Алматы облысы, Кербұлақ ауданының орталығында және ауданның Тастыөзек кентінде Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткер Сәрсенғали Әжібаевпен болып өтті.

Жиналысқа қатысушы адамдар партияның сайлауалды тұғырнама­сы­на қолдау білдіретіндігін, ауыл мүддесін қолдайтын бір партияның біздің қоғамымызға қашанда болсын қажет екендігін, сондықтан «Ауыл» партиясының ел Парламенті Мәжі­лі­сінен орын алуына ұмтылатындарын жеткізді.

Осындай кездесу Астана қала­сындағы «Астана-Бурабай» өнер­кә­сіп­тік базасында да болып өтті. Мұн­да жиналған қауым Парламент Мәжі­лісі депутаттығынан «Ауыл» партия­сының атынан үміткер болып тіркелген ауыл шаруашылығы сала­сын­дағы белгілі ғалым, ауыл шаруа­шы­лығы ғылымдарының докторы, академик Көпмағамбет Елемесовпен кез­десті. Кездесу тартымды да маз­мұнды болды. Ауыл шаруашы­лы­ғы­ның жағдайымен жете таныс академик осы саладағы жұмыстардың қа­зіргі барысына, сонымен қатар, пар­тияның сайлауалды тұғырнамасына кеңінен тоқталды. «Ауыл» партия­сы­ның көздейтін мақсат-мүддесі елі­міздің көпшілік қарапайым халқы­ның құқығы мен бостандығын қам­та­масыз ету, әлеуметтік проблемала­рын шешу екендігін әртүрлі фактілер арқылы жеткізіп айтып берді.

Бұл басқосуда да «Ауыл» пар­тиясының сайлауалды тұғырнамасын жақтайтындар көп болып шықты. Сонымен бірге, олар еліміздегі кейбір проблемалық мәселелерді де атап көрсете отырып, олардың шешілуіне «Ауыл» партиясының белсене қатысатындығына сенім білдіретіндіктерін айтып өтті.

Дәл осындай кездесулер Ақтөбе облысының бірқатар елді мекендерінде, Солтүстік Қазақстан облы­сы­ның Қызылжар ауданында, Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және еліміздің басқа да өңірлерінде болып өтті.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ.