Өнер • 16 Қазан, 2018

Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясына елу жыл толды

408 реткөрсетілді

Жуырда ел Үкіметінің шешімімен Жамбыл облыстық филармониясына әйгілі ақын, атақты композитор Кенен Әзірбаевтың есімі берілген еді. Бұл жаңалық Әулиеата өңірі үшін үлкен жаңалық болды. 

Аталған өнер ордасының қабырғасында талай өнерпаз қызмет атқарып, өнер әлеміне жолдама алған. Биыл Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясына елу жыл толды. Жарты ғасырлық белесті бағындырған өнер ордасы өзінің мерейтойын Тараз төрінде атап өтті.

Мерейтойға Кенен ақын­ның ұлы Бақытжан Кененұлы мен Төрткен Кененқызы ар­найы қа­тыс­ты. Сонымен қа­­тар Қа­зақ­станның еңбек сі­ңір­ген қай­раткері Жабал Ер­ғалиев те кел­ді. Әуелі ме­­­рейтой баспасөз мәс­ли­ха­­тымен басталды. Мұнда Жам­был облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама бас­қармасының басшысы Дүй­сенәлі Бықыбаев Әу­лие­ата өңірі үшін филар­мо­нияның Кенен есімін иеленуі айтар­лықтай оқиға екенін жеткізсе, Төрткен Кенен­қы­зы ақын атын ардақ­таған халыққа, өнер ордасына ақын есімін беруге атсалысқан аза­маттарға алғы­сын білдірді. Өз сөзінде Жабал Ерғалиев Ке­­нен исі қа­заққа ортақ тұлға екенін атап өтті.

Ал Бақытжан Кенен­ұлы ақын атының мәңгі өш­пейтінін, Кенен атын­дағы «Шыр­қа, дауысым!» бай­қауы­ның тұрақты өткізіліп ке­ле жатқанын тілге тиек ет­се, «Құрмет», «Парасат» ор­де­нінің иегері, күйші Әбді­мо­мын Желдібаев өнер әлемінде Кенен кеңістігінің бөлек екенін атап өтіп, Шу ауданы әкімінің құттықтау хатын тапсырды. Өз кезе­гінде Кенен Әзірбаев атын­дағы филармонияның елу қызметкеріне Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хаты және өзге де марапаттар берілді. Сонымен қатар баспасөз мәс­лихаты барысында «Ән қа­на­тындағы Әулиеата» кітабы мен «Әуені әсем Әулиеата» CD жина­ғының тұсауы кесілді. Со­нымен қатар Кенен бейнесі салын­ған кілемше таныстырылды.

Бұдан кейін мерейтойлық шара облыстық филармония өнерпаздарының қа­тысуымен «Әуені әсем Әулие­ата» атты гала-концерт­пен жалғасты. Мұнда көпшілікке «Жарты ғасыр – жалынды сәт» атты деректі фильм көрсетілді. Кеш барысында Кенен Әзірбаев бейнесі сомдалып, әндері шырқалып, «Құлақ» күйі тартылды. Ал салтанатты шара кезінде Жамбыл об­лысы әкімінің орынбасары­ Ерқанат Манжуов елі­міз­дің Мәдениет және спорт ми­нистрі Арыстанбек Мұха­ме­ди­ұлының құттықтау хатын филармония директоры Сейіт­қасым Түктібаевқа тапсырды. Бұл рет­те ол бірқатар өнерпаздарды облыс әкімінің Құр­мет грамотасымен, Алғыс хатымен және министрдің Ал­ғыс хат­тарымен марапаттады. 

Мерейтой кезінде Бақыт­жан Кененұлы жүрекжарды лебізін білдіріп, Үкілі Ыбы­рай­дың, Ақан серінің елінен келген Жабал Ерғалиевтің иығына шапан жауып, құр­мет көрсетті. Ал Жабал Ерға­лиев өз кезегінде Ерқанат Манжуовқа Кеңес Одағының Батыры, жазушы, ғалым Мәлік Ғабдуллин туралы бес томдық кітап сыйлады. 

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Бүгін, 08:49

Алаштанушы ғалымның белесі

Руханият • Бүгін, 08:47

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Бүгін, 08:46

Намазалы Омашұлы: Ел шежіресі

Руханият • Бүгін, 08:42

Тараз шаһарындағы тамаша түн

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Тұңғыш Тіл форумы өтеді

Қоғам • Бүгін, 08:36

Патриархтың орындалған парызы

Руханият • Бүгін, 08:33

Кедергісіз келешек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Жошы ханға ескерткіш орнатылады

Руханият • Бүгін, 08:24

Қазақтардың атқа міну мәдениеті

Қазақстан • Бүгін, 08:22

Еуроны сатып алушылар көбейді

Экономика • Бүгін, 08:20

АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?

Экономика • Бүгін, 08:15

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ұқсас жаңалықтар