Парламент • 22 Қазан, 2018

Шекаралық өңірлер ынтымақтастығы – кәсіпкерлікті дамытудың тетігі

46 реткөрсетілді

Батыс Қазақстан облысына барған сапарымыздағы аймақ тұрғындарымен өткізген кез­десу­лердің барысында ұзақ жылдар бойы түпкілікті шешімін таппай келе жатқан мәселелер көтерілген болатын.  

Соның ішінде Қазталов ауда­нындағы «Фомин» және Бөкей­орда ауда­нындағы «Моло­дость» жеңіл­детілген өткізу пункт­терінің мәр­­те­бесіне қатысты мәселе өзек­­ті болып отыр екен. Себебі бү­­гі­н­гі қолданылып жатқан же­ңіл­де­тіл­ген өткізу пункттері шекара­ға жа­қын орналасқан екі ел­дің тұрғындары үшін ба­рып-қай­ту мәселесін ғана қам­тып, кәсіп­керлікті дамыту мәсе­ле­лерінде қиындықтар туын­дап жатыр.

2016 жылдың қазан айында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы ХІІІ аймақаралық ынтымақтастық форумында Қазақ­стан Республикасының Пре­зи­денті Н.Назарбаев Қазақ­стан-Ресей шекарасын­дағы ба­қылау-өткізу бекеттерін жаңғыр­ту, сондай-ақ «Фомин» және «Моло­дость» жеңілдетілген өткізу пункттерінің мәртебесін екі­­­жақты автомобиль өткізу пункт­­­тері етіп өзгерту туралы тап­­­­­сырма берген болатын. Осы атал­­­ған тапсырманы орын­­дау мақ­­сатында Батыс Қазақ­­стан об­лы­сының әкімдігі мүд­­делі ор­та­лық мемлекеттік орган­­дар­мен бір­лесе отырып, бірқатар ж­ұ­мыс­ жүр­гізді. Осы мә­селе бо­йын­ша Ресей Федера­ция­сы­ның мүд­­делі органдарының келі­сімі кү­тіл­­ген еді, алайда Ресей шешім қа­был­­дау­ды кейінге қалдырып отыр.

 Аталған мәселені тезірек шешу мем­­лекетаралық ын­­ты­­мақ-­­­

тас­тықты әрі қарай жал­ғас­­ты­руға және екі ел тұр­ғын­дары қа­­рым-қатына­сының жақсаруы­на, кә­сіп­кер­лікті дамытуға, эко­но­­ми­ка­ның өсуіне өз ықпалын тигізері сөзсіз.

Биыл екі елдің арасындағы Мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларацияға қол қойыл­ғанына жиырма жыл толып отыр. Осы орайда, біз көтеріп отырған мәселе де оң шешім тапса, қарым-қатынасымызға жаңа серпін берер еді. 

Біз осы мәселені Үкімет бас­шысы Б.Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, мәселенің оң шешілуіне ықпал етуін сұрадық. 

Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ, 

Сенат депутаты

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар