Залесский: «Қазақ даласының өмірі»

ХХ ғасырдың отызыншы жылдарының соңы... Париж. Өзінің сәулеті әрі сәнімен әлемге аты шыққан осы бір көрікті шаһардың кезекті күндерінің бірі. Қарсы беттен Эйфель мұнарасы менмұндалайды. Төңірек әдеттегідей ерсілі-қарсылы ағылған халыққа толы. Трокадеро алаңындағы жалт-жұлт еткен мыңдаған маржандарды көкке бағыттаған әсем су бұрқақтарды тамашалап, жанға жайлы салқынын сезінген ерлі-зайыптылар 1937 жылғы Бүкіләлемдік көрмеге арнайы салынған Шайо сарайындағы этнографиялық музейге бұрылды. Бұлар, туған жерінде орын алған саяси режімге байланысты жиырма жылға таяу Парижді қоныс еткен Мұстафа және Мария Шоқайлар еді.

Егемен Қазақстан
23.10.2018 2765
2

Кенет Мұстафа домбыраны көрді...

Алған беттен музейдің қызметкері- нен оның қайдан келгендігін сұ­рады.

– Бұл көп уақытын Орталық Азияның далаларында депортацияда өткізген поляк Бронислав Залесскийдің біздің музейге сыйы.

– Ханым, сіз менің оны ұстауыма рұқсат етесіз бе?

Мұстафа домбыраны қолына алып ойнай жөнелді. Бояуы қанық, жер­дің құрсағынан шыққандай терең әуен музейдің ішін толтыра түсті... Ата­мекеннен алыста жүрген арда ұлдың жас­тық шағынан өзінен таныс осы бір күм­бірлеген үнмен қоса жан дүниесі тебіренді... Көз алдынан жусан исі аңқыған туған жері елестей өтті... Еріксіз кө­зіне жас алды...

Осы бір кездейсоқ бірақ, әрбір қа­зақты елең еткізер оқиғаның себепкері болған Бронислав Залесский кім еді? Әлемнің Париж сынды мәдениет ор­талығына қазақтың қара домбырасын апарған осынау бір тұлғаның өмірі мен қызметі туралы не білеміз? Ендеше, осы сауалдардың аражігін ажыратсақ. 

Анығы, Бронислав Франчишек Залесский 1820 жылы (жекелеген дерек көздерінде 1819 ж.) бұрынғы Минск губерниясы, Слуцкі уезі, Вызна елді мекенінде дворян отбасында дүниеге келген. Өзінің көптеген замандастары секілді Залесский де білім алуды үйінде бас­тап, соңынан гимназияны тәмамдайды. Білім жолын 1837 жылы Дерпт (Тарту) университетінде жалғастырады. Іргесін 1632 жылы швед королі Густав ІІ Адольф қала­ған оқу орны Бронислав бі­лім алған жылдары Варшава және Вильно уни­верситеттерінің жабылуына байланыс­ты поляк жастарының көп білім алған оқу ордаларының біріне ай­налған-ды.  Тіпті оның қабырғасында 1828 жылдан бастап «Филомататтар» (гр. «білімге ұмтылушылар») және филореттер» (гр. «ізгілікті жақсы көруші») ұйымдарының соңын ала поляк студенттерінің «Кон­вент Полония» патриоттық ұйымы өз жұ­мысын бастайды. 

Елінің еркіндігінен айырылуы жас Залес­скийдің де жанына бататын. Сон­дық­тан, өзінің студенттік өмірінің ал­ғаш­қы күндерінен-ақ, Бронислав Залес­ский аталған ұйымның жұмысына бел­сене қатысады. 1838 жылы бұрынғы көтерілісші Шимон Конарскиймен байланысы бар де­ген айыппен ұйымның мүшелері жап­­пай тұтқынға алынып, нәтижесінде олар­дың едәуір бөлігі қыл­мысты болып, шалғай аумақтарға жер аударылады.

Қуғын-сүргінге ұшырағандар қата­рында Бронислав та табылып, кезекті екі­ жылын тергеумен түрмеде өткізген жас жігіт полицияның бақылауымен Ук­раина­ның қазіргі Чернигов қаласына жіберіледі. Саяси айдаудағы уақытын бос жі­бер­­меген Бронислав оқуын Харь­­ков император­лық университетінде жалғас­тырып, аталған оқу орнын 1842 жы­лы тәмамдап, заңгер мамандығын алып шы­ғады.

Бостандығын шектеу уақыты 1845 жылы аяқталған Залесский Вильно (қазіргі Вильнюс) қаласына келіп ор­нығады. Вильноға келген бойда поляк ұлт- азаттық қозғалысының өкілдерімен байланыс орнатады. Нәтижесінде, кез келген астыртын әрекеттердің алдын алу­ға күш салған бақылау органдарының назарына қайта түседі. 1846 жылы ке­зек­ті рет тұтқындалады. Тергеу қоры­­тын­­дысы бойынша Орынбор же­ке кор­пусының шептік батальонына қатар­дағы жауынгер ретінде жіберіледі.

Залесский Орынбор әскерінде 1848-1856 жж. болып, екінші, төртінші жә­не тоғызыншы шептік батальондарда қыз­мет жасайды. Орынбор ертеден қазақ­тың кең жай­ла­ған өңірлердің бірі екендігі белгілі. Өңірге келген ал­ғаш­қы күндерден-ақ Залесский көш­­пелі шаруашылықты серік еткен хал­қымыздың өмірімен таныса бастайды. Сурет салуға қабілеті болғандықтан, Орынбордағы кезеңінде қазақ жерлерін зерттеуге аттандырылған бірнеше экс­педицияға қатысады. 

Алғашқыда, Залесскийге 1848-1849 жж. Алексей Бутаков бастаған, құра­мында украинның танымал ақыны Тарас Шевченко болған Арал экспедиция­сының материалдарын өңдеу тапсырылады. Экспедиция 1849 жылы 5 қарашада Райым бекінісінен Орынборға оралған­да, Алексей Бутаков Орынбор жеке кор­пусының штабына рапорт жолдап, «Арал теңізін сипаттап жазу бойынша жұмыстарды біржола аяқтау үшін» өзі­не Т.Шевченко мен Т.Вернерді іс­сапарға жіберуін сұрайды. Ал «Арал те­ңізі жағалауының гидрографиялық көрі­ністерін өңдеу үшін» Шевченкоға көмек көрсету мақсатында 2-батальонның қа­­тардағы жауынгері Бронислав Залес­скийді жіберу сұралады. 

Т.Шевченко мен Б.Залесскийдің осы кезеңде басталған өзара жақын таныстығы соңынан берік достыққа ұла­сады. Танымал суретші Карл Брюловтан бейнелеу ісін үйренген Тарас Шев­ченко Бронислав Залесскийдің ұстазына айналып, оны офорт өнеріне баулиды. Қос тұлға туралы көптеген естеліктер мен хаттардан оқып білуге болады.

ХІХ ғасырдың 40-50 жж. Орталық Азияға иелік ету жолында «Үлкен саясаттың» басталып, Ресейдің аталған аумақтарға ішкерілей енуге жанталасып жатқан кезеңі болатын. Патша үкіметі аумақтардағы өз билігі тұрақты болуы үшін өңірлерден сол кезеңдегі стратегиялық маңызы бар отын – тас­­көмір қорларын іздестірген-ді. Міне, осы мақсатта 1850 жылдың алғашқы күн­дері Т.Шевченко, оның достары Томаш Вернер және Людвиг Турномен бірге Маңғышлақ түбегіндегі Қаратау тау­ларында таскөмір кенін өңдеу бойын­ша құрылатын келесі экспедицияның құ­рамына енгізіледі. Соңынан аталған экспедиция қатарына Залесский де алынады. 

Қаратау экспедициясы туралы­ сөз қозғағанда, оның негізінен қалың оқыр­манға Т. Шевченко мен Б. Залесский­дің суреттері және мәтінде­рімен танымал екен­дігі белгілі. Экспедиция мүшелері өз сапары барысында тек көмір кенін іздеумен ғана ай­налыс­пай, жергілікті халықпен ұдайы кез­десіп, олардың аузынан өңірге қа­тыс­ты аңыз-әңгімелерді, тарихи оқи­ғаларды жазумен де айналысқан. Бұл тұрғыда Бронислав Залесский: «Жазира перзенттері өмірінің еріксіз куәгері ре­тінде олардың тіршілігін қалауымша бақыладым. Олардың аузынан шыққан жүйрік қиялдарының жемісіндей кейбір ертегілерін тыңдадым...» деген мәлімет қалдырған. 

Залесский назар аударған нысанда­рының бірі – қазақтардың зираты. Ол туралы зерттеуші еңбегінен: «Жақын тұр­ған жоталар мен әрі қарай созылып жатқан жазықта көптеген молалар бар. Шамасы, қазақтар соңғы сапарға аттанар алдында ұрпақтарына өзін әулиеге жақын маңға жерлеуді тапсыратын болса керек» деген жолдарды оқимыз. 

Экспедиция мүшелері ұзағырақ тоқталған жер өздері «Апазир» (дұрысы, Апажар) деп көрсеткен аңғар еді. Апажар жазығы Батыс Қаратау сілемінің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан аумақ. Жазықты Б.Залесский: «Маңғыс­тау ұсақ, төбешіктері мен әктасты жыра-сайларының арасында жатқан бірнеше жазықтық осылай аталады...Бұл далада жусанның көп өсетіні соншалық – ауаның өзі кермек татиды» деп суреттеген. 

Поляк зерттеушісінің Апажар жазы­ғынан қалдырған жазбаларының ішінде әсіресе тарих тұрғысынан ерекше­ құн­­­ды. Ол табиғаттың қаталды­ғы­на, судың тапшылығына қарамастан жер­гі­л­ік­ті қазақтардың егін салуы еді. Қа­зақтардың егін кәсібі туралы Залес­ский мәтінінен: «...Маңғыстаудың күйіп тұр­ған күні жылына егісті екі дүркін салуға мүмкіндік береді. Әрине ол үшін су мол болып, үнемі суғарып тұру қажет. Қазақтар осынау игілік жолында мол тер төгумен бірге, кішкентай егістігі үшін тау бұ­лақтарының әр тамшы суын далаға жібермейтіндей суландыру жүйесі жө­нінде кереметтей білгірлік те көрсете біледі. Осылайша олардың арықтары жер нәрін кемі 6-8 шақырым жерге дейін жеткізіп, тау етегіндегі жазықтықты да пайдаланады» деген жолдарды оқимыз. 

Осылайша ХІХ ғасырдың ортасында Маңғыстау жерінде болған Б.Залесский оның тұрғындарының аңыз-әңгімелерінен өзге ешбір өңірге ұқ­­са­майтын жергілікті ескерткіштердің сәулетіне де ерекше мән берген. Қыл­қаламымен бейнесіп түсіріп, қағазға жазбаша сипаттамасын қалдырып отыр­ған.
Залесскийдің еңбегінде Шерқала ту­­ралы да мағлұмат берілген. Бүгінгі Шет­пе ауылының маңында орналасқан Шер­қала қырқасы өзінің сыртқы формасы бойынша төңкерілген кесеге (трапеция) ұқсайтындықтан, оның ерекше көрінісі жергілікті халықтың көптеген аңыз – әңгімелеріне себеп болған.Бұл туралы Залесский өз көрген­дері­мен үйлестіре отыра: «Шерқаланың сырт­қы алып тұлғасы Рим пантеонына, бол­маса сол сияқты ерте дәуірдегі атақ­ты бір ескерткішке ұқсайды...» делінген мәтін­ді қалдырған.

Экспедиция өз жұмысы барысында Дәніспан әулиенің қорымын да сипат­­таған. Дәніспан қорымы қазіргі Маң­ғыстау облысы Таушық кентінен қашық емес Данышпан тауының (Ақтаудан 85 шақы­рым) батыс жағында орналасқан нысан. 

Залесский Долы апа мазарының суре­тін бейнелеп, қорым хақында: «Бейіт­тердің мұндай үрдісі тек Маңғыстауда ғана бар шығар, себебі бұларға ұқсас зираттарды даланың еш жерінен кездес­тірмедім» деген тоқтамға келген.

Зерттеушінің Новопетровск бекіні­сін­де болған уақытта да көрген-білген­дерін қағазға бейнелеп, қосымша жазып отырғандығы байқалады. Мәселен, «Маңғыстау бағы» және «Маңғыстау жыралары» жазбалары соның айғағы. Жалпы, қайраткердің қазақ даласын суреттеуінің аясы Қаратау экс­педи­циясы жүріп өткен аумақтардан әл­де­қайда кең болғандығын айтуға тиіс­піз. Залесскийдің «Қазақтардың киелі ағашы», «Ырғыз өзені» атты жазбалары сөзімізге дәлел бола алады. 

«Қазақтың киелі ағашы» туралы: «...суретте бейнеленген бұл өсімдік – Ор өзенінің Жайық өзеніне құяр саға­сына қоныстанған Ор қамалынан Арал теңізінің жағасына дейін, мөлшері мың шақырымдай жерде ұшырасқан жалғыз ағаш».

«Ырғыз өзені» оффортында Торғай өзенінің қазіргі Ақтөбе облысы аумағын­дағы оң жақ салаларының бірі Ырғыз өзені бейнеленген. Жазба мәтіні тек Ыр­ғыз өзенімен шектелместен, жалпы Батыс Қазақстан аумағындағы өзендер­дің ерекшелігіне арналған. 

Саяси жер аударылған саяхатшының біздің елімізде болған уақытында қағазға түсі­ріп, соңынан өз еңбегінде кең сипат­таған, тақырыптардың бірі – қазақ хал­қы хақындағы жазған дүниелері. Қазақ­тарға қатысты Залесский еңбегінің өн бойында сөз қозғалғанымен, «Қазақ­тың киіз үйі», «Киіз үйдің ішіне кір­генде», «Қазақ әйелі» жазбалары және жо­ғарыда сөз болған «Қазақ мазары» және «Қазақтардың киелі ағашы» тақы­рыбындағы мәтіндер даланың ие­лері туралы мейлінше кешенді ақпа­рат­тар берген.

Аталған жазбалардың «Қазақ даласы­ның өмірі» альбомында Б.Залесскийдің қылқаламынан шыққан оффортарымен бірге жарасым тауып, жарыққа шығуы Еуропаның талғампаз оқырманының үлкен қызығушылығын тудырғандығы сөзсіз. Қызығушылық тудырған тақы­рып­тардың бірі – қазақтың киіз үйі бол­ғандығы күмәнсіз. Ол туралы автор: «Көш­пелі қазақтар басқа да мал бағып, тір­шілік ететін тайпалар сияқты үскірік аяздан, аптапты ыстықтан өздерін қор­ғайтын, сонымен бірге бір жерден екінші жер­ге жұрт ауыстырғанда лып еткізіп жинап, тез тұрғыза қоятын баспана ойлап табуға мәжбүр болған. Бұл талапқа олардың киіз үйлері қалтқысыз сай келеді....» деп ой түйеді. 

Қазақ халқының шаруашылық ерек­шелігіне байланысты маңызды үдеріс көш туралы: «...Өрістің оты (шөбі азай­ғанда мағынасында) қайтқан кезде олар жаңа жұртқа көшу жайын ойлана бас­тайды. Ауыл ақсақалдары атқа қо­нып, жаңа қоныс іздеуге аттанысады. Әдет­те, бұл шаруа бірнеше күнге созылады. Қарттар қоныс көріп, қайтып орал­ған соң ауылдағы еркек атаулы жи­налып алып, жаңа жұрттың жайын кеңінен талқылайды, бірақ дала жайын жақсы білетін ақсақалдардың айтқаны көбінде өзгере бермейді. Олар көші-қонға рұқсаттарын берісімен-ақ, ауыл тіршілігінде ерекше қарбалас басталады» делінген мәліметтермен танысамыз.

Залесскийдің бұл мәліметтері тікелей көз­бен көргендіктен, шынайылығымен, өзіне тән бояуымен тартымды.

Б.Залесский өзінің замандасы әрі қандасы, қазақ халқының өмірінен кереметтей мәліметтер қалдырған – Адольф Януш­кевич сынды ұлттық сусынымыз қымыз туралы өз мәліметімен бөліскен. Қазақ ат әбзелдерінің көркемдігі Бро­нислав Залесскийдің жадында берік сақталып қалса керек. Олай дейтініміз сөз болып отырған «Қазақ даласының өмірі» атты альбомының тысындағы суреттен де қазақы ер-тұрманды аңғаруға болады. 
Қазақ әйелі хақында да автор өз пайымдауларын айтады: «Басқа мұсыл­мандар сияқты қазақ қыздары үйге қамалып отырмайды, оларды көлденең көк аттыдан қызғанатын тәртіп жоқ... Осын­дай еркіндіктерінің бәріне де қа­ра­мастан, әйелдерінің тағдырлары күйеу­­лерінің ашса – алақанында, жұмса жұ­дырығында деуге болады...» делінген мә­ліметтерді оқимыз. Сонымен қатар «Қазақ әйелі» бөлімінде Залесский қа­з­ақ қоғамындағы көп әйел алушылық, қалыңмал, қызды ұзатудың жөн-жо­рал­ғылары және т.б. тақырыптар туралы мағ­лұмат берген.
Бронислав Залесскийдің еңбегінде жекелеген азаматтардың аты-жөндері, олармен жасалынған сұхбаттар да көрініс тапқан. Әсіресе, қазақ қоғамын­дағы батыр­лығымен аты шыққан – Есет Көті­­барұлымен (1807 - 1889) әңгімесі өз алдына бір төбе. «Ол серігіміз екеумізді аға-бауыр­лары­мен және барлық ет жақын ағайын­дарымен бірге Шығыстың дар­­қан қонақ­жайлылығымен, ақ жарқын пейі­лімен қарсы алып, үйіне кіргізді де төрге отыр­­ғызды...» деп еске алады жаз­багер.

Қос тұлғаның ұзаққа созылған әң­гі­­­месі, фәлсафалық толғамдары тек дас­­тар­­қанға астың келуімен ғана сая­быр­­сыған екен. Астың қойылуымен қонақтар қазақтың дастарқан этикетін ұстанғандарын жазған. 

Қазақ арасында көп болған Б.Залес­ский халықтың музыканы жақсы көре­тіндігінен да ақпараттар қалдырған. Осы тұрғыда: «...жұртшылықтың шын жақ­сы көріп, қарсы алар қадірлі қонағы – жыршы-жыраулар. Олар мұнда көп-ақ, дала әдебиеті солардың көкірегінде қат­талып қойылғандай. Бұл халық музыканы жақсы көріп, кез келген сәтте оны көңіл қойып тыңдай біледі» деген жолдарды оқимыз.

Залесский еңбегінен жыршы-жырау­лардан өзге қиссашы, ертекшілер тура­лы да деректерді кезіктіреміз. Солар­­­дың бірі – ертекші Мырзақай туралы. Автор Мырзақайдың ертеректе шыр біт­пеген кедей болғандығын, бі­рақ өзінің ертегілерінің арқасында мал жинаған­дығын, халқына қадірлі болған­дығын тілге тиек еткен. 

Қаратау экспедициясы аяқталып, Орын­­борға қайтқан Б.Залесский қалаға 1851 жылғы қазан айының басында жетеді. Экспедиция сапынан оралғасын «Үздік – жігерлі қызметі үшін» унтер-­офицер шеніне жоғарылатылады. 1856 жылы, араға тек сегіз жыл сала Б. Залес­ский туған жеріне оралу мүм­кін­дігін алады. 

Қазақ жерлерінде болған уақытта жи­­­наған дүниелерін, атап айтқанда сал­­ған суреттерін, сұхбаттары мен аңыз-әңгімелерін жүйелеп, Бронислав Залес­ский 1865 жылы «La vie des Steppes Kirghizes» («Қазақ дала­сының өмірі») атты альбомын Париж қаласында жа­рық­қа шығарады.

Жандос ӘУЕЛБЕКҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

ВАРШАВА

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2019

Шағын фермалардағы жоғарғы технология

21.01.2019

Қостанай облысы өткен жылы алғаш рет экспортқа көлемді ет шығарды

21.01.2019

Тереза Мэй Еуроодақтан шығуға байланысты қосымша жоспарын таныстырады

21.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасының Президентінің ресми сапары бойынша брифинг өткізді

21.01.2019

Қазақстанда соңғы 10 жылда нәрестелердің өлімі-жітімі екі есе төмендеді

21.01.2019

Қарағандыда мамандандырылған фронт-офис ашылды

21.01.2019

Нұрлан НҰРҒАЛИЕВ: Мен үшін ағам – нағыз қаһарман!

21.01.2019

Әулиеатада денсаулық сақтау деңгейі жақсарып келеді

21.01.2019

«Өлкетану» оқулығы дайын

21.01.2019

Қызылорда облысында экспорт көлемі артады

21.01.2019

Жылқының сүйек құрылымы

21.01.2019

Сәби өлімі неге көп?

21.01.2019

Алматылық студенттердің ішімдікті қаншалықты тұтынатыны зерттелді

21.01.2019

Б.Сағынтаев «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өткізді

21.01.2019

Ақтөбеде сегіз өзеннің арнасы тазаланып, тереңдетіледі

21.01.2019

Маңғыстауда үш кеме неге қалған?

21.01.2019

Әл-Фараби ауданына спорттық сауықтыру орталықтары қажет

21.01.2019

Қазақстанда қара және түрлі-түсті металды шетелге шығаруға тыйым салынды

21.01.2019

Қызылорда облысында 283 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

21.01.2019

«Біздің қаланың кішкентай ханзадасы» – ең үздік балалар фильмі атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу