Өнер • 23 Қазан, 2018

Әдемінің әуенге толы суреттері

853 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы тәрбиеленушілерінің диплом жұмыстарынан тұратын «Туған өлкем» көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге ұсынылған жұмыстар астаналықтарды мектепте оқытылатын бейнелеу өнері техникасының сан алуан түрімен қауыштырды. 

Әдемінің әуенге толы суреттері

Жас суретшілердің бі­рі Әде­­­­­мі Жет­­пісованың шы­­­ғар­­­ма­шы­лығының арқауы – әуен мен сурет тұтастығы. Оның көр­­кем туын­дыларынан жас­тық пен жі­гер оты алаулайды. Әдемі идея мен мазмұнды алыстан іздеп әуре болған емес, сазды әуен шу­ақ­ты сю­жетті лық­сытып әкеліп қыл­қалам ұшына төгіл­теді.

– Скрипка туралы сюжет бұ­рын­нан ойымда жүретін. Әуен мен сурет – мен үшін біртұтас дү­ние. Скрипкада әлдебір шы­ғар­маны ойнап тұрғанымда композиция көретін болдым және оны анық сурет қылып салғым келетін. Осылайша сурет өнеріне келдім, – дейді Әдемі Жетпісова.
Жалпы Екібастұз қаласын­дағы көркемсурет мектебінің не­гізі 1984 жылы қаланып, 2009 жылы шығармашылық жолында жет­кен жетістіктері үшін ЮНЕСКО клубы мәртебесіне ие болған.

Мәдени шараның ашылу салтанатында сөз алған Елбасы кі­тапханасы директорының орын­­басары Күләйша Ақтаева «Туған өлкем» бағдарламасының шең­­берінде өтетін барлық көр­ме­лер Астананың 20 жылдық ме­рей­тойына арналғандығын айт­ты.

– Біз осы жылы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау жолында үлкен жобамызды бастадық. Жоба аясында Екі­бастұз қаласынан көрмеге ұсы­нылған туындыларға қарап, бо­ла­шағымыздың жарқын еке­нін байқауға болады. Өйт­кені бұл көрмеден тек дарын­ды жас­тар­дың ғана емес, ұстаз­дар­дың да жұмыс нәтижесін көре аламыз. Сондықтан көрмеге қол­дау көрсетіп келіп жатқан атақты суретшілер мен ұстаздарға алғы­сымды білдіремін, – деді ол.

Тәуелсіздік күні карсаңында жыл бойы өткізілген көркемсурет мектептері тәрбиеленушілерінің үз­дік диплом жұмыстары көрме­сінің қорытынды фестивалі өткі­зілмек.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»