Аймақтар • 23 Қазан, 2018

Алматыда қонақ үйдің күзетшісін соққыға жыққан бұзақылар тұтқындалды

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мас күйінде жүріп, «Қазақфильм» ықшам ауданында орналасқан қонақ үйдің күзетшісін соққыға жыққан ер адамдар тұтқындалды, деп хабарлайды Алматы қаласы Полиция департаменті Баспасөз қызметі.

Алматыда қонақ үйдің күзетшісін соққыға жыққан бұзақылар тұтқындалды

ҚР ҚК 293 бап 2 тармақ және 107 бап 2 тармақ бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Қылмыстық істің материалдары бойынша, қақтығыстың себебі қонақ үй күзетшісі жоғарыда аталған мекемеге ішімдікке тойып алған екі ер адамды кіргізуге бас тартқандығынан туындаған. Бұзақылар жанжал шығарып, артынша күзетшіні ұра бастаған. Нәтижесінде, жәбірленуші – 1989 жылы туылған А. есімді азамат мұрын және қолдың сынықтарымен ауруханаға жеткізілді. «Ізін суытпай» жедел-іздестіру іс-шарасы барысында екі күдікті ұсталды. Ол – 1993 жылы туылған Алматы қаласының тұрғыны Л. есімді азамат және 1990 жылғы Ресей Федерациясының тұрғыны Д. есімді азамат. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда»,  деп айтты, Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы бастығы, полиция подполковнигі Даурен Утебаев.

Өндіріс шеңберінде сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Осы сараптаманың қорытындысы бойынша қылмыстық істің материалдары сотқа жіберіледі.