Әлем • 23 Қазан, 2018

Ілбісті атқанға 5 миллион теңге айыппұл салынады

823 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін бүкіләлемдік ілбіс күні. 2013 жылы 23 қазан күні ілбістерді қорғау бойынша халықаралық форум өтіп, Бішкек декларациясы қабылданғалы бері арнаулы күн ретінде аталып келеді.   

Ілбісті атқанға 5 миллион теңге айыппұл салынады

Көшпелі халықтар ілбіс­ті киелі, қасиетті аң деп қас­тер­леген. Биқұмар Кәма­лаш­ұлының «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабында «Ілбіс терісін хан ордасына іліп, таққа жауып, астына төсеніп отыратын салт бар. Моңғолдың соңғы ханы Боғда Жабзындамбының 150 ілбіс терісін жапқан киіз үйі мұра­жайда сақтаулы. Ертеде ел басы, патша, қаған, би, төре, ба­тырлар ілбіс терісінен ішік киген. Әскер басы, ержүрек баһа­дүрлер дұшпандарына айбат көр­сету үшін, ілбіс терісін жамылып жауға шабатын болған. Батырлар жауына шабарда, барысқа ұқсас шұбар, теңбіл шұбар ат мініп, дұшпанының үрейін қашырып «айбарланатын» болған» деп жазады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 130-ға жуық ілбіс бар. Ауыл шаруа­шылығы министрлігі Ор­ман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қызметкерлерінің айтуынша, ілбістерді қорғаудың, көбей­тудің жүйелі шаралары қолға алынған. Ілбісті заңсыз атып алғаны үшін 2 мың АЕК (4 млн 810 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе 3-7 жыл аралығында бас бостан­дығынан айырылуы мүмкін.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»