Жеңіл атлетика • 23 Қазан, 2018

«Алтай» әлем чемпионатына қатысады

150 реткөрсетілді

  Желтоқсан айының алғашқы жартысында Қытайдың Чжэцсян қаласында волейболдан әйелдер арасындағы әлемнің клубтық чемпионаты өтеді.

Бұл жарысқа төрт команда бірден жолдама алып отыр. Олар – Азияның клубтық чемпионатының жеңімпазы «Суприм» (Таиланд), Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Вакыфбанк» (Түркия), Оңтүстік Американың үздігі «Минас» (Бразилия) және алаң иелері ретінде «Жежиянг» (Қытай). Ал Қазақстанның «Алтай», Түркияның «Экзачибаши Витра», Францияның «Волеро Ле Канн» және Бразилияның «Прайя» командалары «wildcard» арнайы шақырту қағазына ие болды.  

Әлемнің клубтық чемпионаты 1991 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы уақытқа дейін 11 мәрте жалауы желбіреген жарыста Түркияның командалары бес мәрте топ жарған екен. Үш рет бразилиялық арулардың бағы жанса, Италия, Әзірбайжан және Ресейдің волейболшылары бір-бір реттен дара шықты. Ал былтыр Жапонияның Кобе қаласында ұйымдастырылған додада  Ыстамбұлдың «Вакыфбанкы» жеңімпаз атанса, Рио де Жанейроның «Рексона-Сеск» және Цюрихтың «Валеро» клубтары жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қарашақазға қамқорлық

Қазақстан • Бүгін, 17:05

Келесі кезеңге шықты

Спорт • Бүгін, 11:41

Полицейдің бір күні

Қоғам • Бүгін, 11:32

Өтімді сөз өлеңмен өрнектеледі

Руханият • Бүгін, 11:22

Көмекей әулие туралы кітап

Руханият • Бүгін, 11:17

Күйшілердің саябағы

Руханият • Бүгін, 11:17

Тіл табиғатын бұзбайды

Қоғам • Бүгін, 11:13

I Гендерлік форум өтті

Қоғам • Бүгін, 11:06

Абыройы асқақ азамат

Руханият • Бүгін, 11:06

Мақсат – жол сапасын жақсарту

Аймақтар • Бүгін, 10:52

Мақсатымыз айқын

Саясат • Бүгін, 10:37

Ердің еңсесі қашанда биік

Саясат • Бүгін, 10:34

Әке деген ұлы есім

Қоғам • Бүгін, 08:25

Ұқсас жаңалықтар