Қазақстан • 23 Қазан, 2018

Лондонда Елбасының ағылшын тіліндегі "Тәуелсіздік дәуірі" кітабының тұсауы кесілді

200 реткөрсетілді

Лондонда «Азия үйі» штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағылшын тіліндегі «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Елбасы Қорының баспасөз қызметі.

Іс-шараны ҚР Тұңғыш Президенті Қоры және Қазақстан Республикасының Ұлыбритания Біріккен Корольдігіндегі және Солтүстік Ирландиядағы Елшілігі ұйымдастырды.

Мемлекет Басшысы кітабының тұсаукесері үстіміздегі жылғы көктемде Қордың бастамасымен Ресей Федерациясында - Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында өтті.

Тарихи кітаптың тұсаукесер рәсімін Лондонда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов өткізді. Іс-шараға "Парламентарилердің қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау қозғалысының" тең төрағасы, баронесса Сьюзан  Миллер, Қазақстан-Британ Қоғамының төрағасы Руперт Гудман, Ұлыбритания Парламентінің депутаттары, қоғамдық қайраткерлер, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

"Қазақстан Президентінің осы шығармашылық еңбегі әрбір қазақстандық үшін өте жақын, өйткені еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы жылдарын көрсетеді. Кітапта елімізде болған күрделі үрдіске, бетбұрысты сәттерге терең талдау жасалған. Сонымен қатар, онда Республиканың алдында тұрған жаңа міндеттер бейнеленген. Осының барлығы кітапты нағыз тарихи құжат ретінде көрсетеді. Оның құндылығы осында", - деді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов.

Оның айтуынша "Тәуелсіздік дәуірі" кітабы жастар үшін ерекше пайдалы.

"Егемендік жылдары қазақстандықтардың еркін, белсенді, ашық жаңа буыны келді. Болашақтың іргетасын қалау үшін оның қайнар көзін, өзінің тарихын білу керек. Елдің биіктікке қалай қол жеткізгенін, қандай сын-тегеуріндерді еңсергенін түсінуі өте маңызды болып табылады", - деді Игорь Рогов.

Қор Мемлекет Басшысы кітабының тұсаукесерін шетелде ұйымдастыруды жалғастырады, кездесулер Берлинде, Парижде, сондай-ақ Бразилияда өтеді.

Баронесса Сьюзен Миллер Қазақстанның ядролық қарусыз әлем қалыптастырудағы нақты қадамдарын атап өтті.

"Тәуелсіздіктің қысқа мерзімінде Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Тәуелсіздік жарияланғанға дейін де 1989 жылы Қазақстан әлемде тұңғыш болып сынақ полигонын жабу үшін ядролық сынақтарға қарсы халықаралық қозғалысқа жол ашты", - деді Баронесса Сьюзен Миллер.

Кездесу барысында танымал британдық режиссер Андре Сингердің Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдары және ядролық қарусыз әлем қозғалысы туралы "Жел тұрғанда" атты деректі фильмі көрсетілді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 2

Руханият • Кеше

Баянғали туралы баян

Руханият • Кеше

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар