Футбол • 23 Қазан, 2018

Роналду "Олд Траффордқа" оралды

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астана уақытымен түнгі 01-00-де "Манчестер Юнайтед" пен "Ювентус" арасындағы ойын өтеді. 

Роналду "Олд Траффордқа" оралды

Чемпиондар лигасының аясындағы осы ойын жарыстың алғашқы күніндегі басты кездесуге баланып тұр. Екеуі өз тобының лидер командалары болғанымен қатар, матчқа қатысатын Криштиану Роналдудың "Олд Траффордта" қалай өнер көрсетері де қызық. Кезінде Сэр Алекстің қол астында ойнаған Роналду "Олд Траффордты" сағынып келгенін айтыпты. Айта кетейік осыған дейін ол "Реал" Мадрид командасымен келіп, "МЮ" қақпасына гол соқты. Алайда, соққан голына португал футболшысы қуанбады, тіпті керісінше жанкүйерлерден кешірім сұрап, ізеттілік көрсетті. 

Соңғы жаңалықтар