Саясат • 24 Қазан, 2018

Сердар Йылмаз: Қазақстан жетістігінің негізгі кілті

345 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Сердар Йылмаз: Қазақстан жетістігінің негізгі кілті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың адам құн­ды­лығына басымдық бе­ріп, дәстүр мен жаңғыру тақы­рып­тарына айрықша назар аударуы, елдің экономикадан саясатқа, туризмнен даму үдерісіне дейінгі бүкіл саяси шешімдер қабылдауы – Қазақстанның жаңа белеске аяқ басқанының жарқын көрінісі.

Президенттің 2018 жылғы 5 қазанда жариялаған халыққа Жол­дауында тұрғындардың эко­но­микалық ахуалын жақсарту, бюрократияны азайту, әлеуметтік, білім және қызмет салаларын жетілдіру, жасалған реформаларды іске асыру, ең төменгі жалақы көлемін 1,5 есе арттырып, мұғалімдер мен полиция қыз­мет­керлерінің мәртебесін көтеру, тұрғын үй сапасын жақсарту – жаңа кезеңге қадам басудың ай­қын дәлелі. Биылғы Жолдаудан үш ба­сымдықты атап көрсетуге бола­ды. Біріншісі, негізгі бағыт – Қазақстан халқының эконо­микалық, әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық мәселелерін қамтып, адам капиталын дамыта отырып, елдің өсіп-өркендеуіне жағдай жасау. Н.Назарбаев өз сөзінде адам құндылығына назар аударып, халықтың тиімді жұмыс істеуі мемлекет дамуының кепілі екенін анық көрсете білді. 

Екіншіден, білім берудің сапасын арттыру мақсатында, атап айтқанда, балалардың оқу дең­гейін көтеру, мемлекеттік уни­верситеттегі білім және ғылым сапасын жақсартуды ар­найы білім ордаларындағы стан­дартқа бейімдеуге ұмтылыс, мұға­лімдердің, полиция қызмет­кер­лерінің мәртебесін жоғарылату мен төменгі жалақы мөлшерін ұлғайту Назарбаевтың елдегі әлеу­меттік мемлекеттілікті ны­ғайтуға ерекше көңіл бөл­генінің айғағы. Сонымен қатар сыни перспектива, коммуника­ция, технологиялық әзір­леме­лерді сақтау, шет тілін білу, шы­ғар­машылық және ко­мандалық рух секілді бағыттарға да басымдық берілді. 

Н.Назарбаевтың билік өкіл­дері халықтың қожайыны емес, қызметшісі екеніне назар аударуы, ауыл шаруашылығына инвестицияны арттыруы аса маңызды. Этносаралық және конфессияаралық татулыққа құрмет көрсету – Қазақстан халқы­ның бірлігіне, мәдени тамыры­нан ажырамауына жағдай жасап, құқықтық мәселені бә­рінен жоғары қою арқылы әлеу­меттік мемлекет қалыптас­тыру жолындағы батыл қадам. Яғни, Президент халқының мүмкіндіктері мен өмір сүру деңгейінің артуын, тұрғындар­дың бір ту астына жиналғанын мақ­танышпен айтатындай теңдессіз мемлекет құруға барын салады. 

Жолдауда айтылған үшінші мәселе – әлемнің көптеген еліне үлгі болатын, Қазақстан ұстанған көпвекторлы сырт­қы саясат. Тәуелсіздігіне 27 жыл толған Қазақстанның егемендігін алған алғашқы күндерден бүгінге дейін сырт­­қы саясаттағы атқарған жұмыстары­ ха­лықаралық аренадағы абыройын­ асыр­ды. Тәуелсіздіктің жемісі ре­тін­­де­ ядро­­лық қарудан өз еркімен бас тарту­ды, елорданы Алматыдан Аста­­на­ға көшіріп, заманауи шаһар салу­­ды, Түркі және ислам әлемінің алдың­­ғы қатарлы мемлекетіне айналуды, Еуро­падағы қауіпсіздік және ынты­мақ­­тастық ұйымы, Ислам Ынты­мақ­тас­тығы Ұйымы саммиттерін өткізуді, Еура­зиялық экономикалық одақ құры­луына мұрындық болуды, Дү­ние­жү­зілік сауда ұйымына кіруді атап көрсе­туге болады. Әсіресе Су-24 ұша­ғын­ атып түсіргеннен кейін Түркия мен Ресейді татуластырған да осы Қазақ­стан тарапы. Одан бөлек қысқы Азиада өткізген тұңғыш орталық­азиялық, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйым­дастырған ТМД-дағы алғашқы мемлекет атанды. Сондай-ақ 2017 жылы Сириядағы мәселе бойынша Аста­на про­­цесінің өтуі де Қазақстанның әлем­дік­ саясат сахнасындағы беде­лін айғақ­тай­ түсті. Мұның бәрі тәуел­сіздіктің арқа­сы. 

2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануы Орталық Азияның үздігі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ендеше, Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауында астын сызып көр­сет­кен сыртқы саясат тақырыбы Қа­зақ­станның халықаралық аренадағы имиджін, әлемдік саясатта маңызға ие және рационалды шешім қабылдайтын елге айналғанының көр­сеткіші. Қысқаша айтқанда, Қазақстан тиім­ді және белсенді сыртқы саяса­ты арқылы өңірлік және жаһандық бей­біт­ші­лік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жо­лындағы жұмысын жалғастыра береді.

Қорыта келгенде, 2018 жылғы 5 қазанд­ағы халыққа Жолдауында Н.Назар­баев ішкі саясатта адам капиталына басымдық бере отырып әлеуметтік мемлекет қалыптастыруды, сыртқы саясатта тиімді өңірлік және жаһандық мәселелерді жалғастыра беретінін көрсетіп берді. Мемлекет пен қоғамды жаңғырту, білім беру сапасын жақсарту, бюрократияны азайту, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы мен заңдылықты нығайтуға басымдық берілуі қазақ қоғамының өркендеуіне, сондай-ақ бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді.

Қазақстан – жас, көпұлтты, бола­шағына мақтанышпен көз тастайтын, даму қарқыны жоғары мемлекет. Мемлекет құру жолында биік белесті бағындыра отырып, жаңа кезеңге аяқ басты. Осы орайда, көшбасшылық дарынын барынша қолданып, аз уақыт ішінде елді әлемдік сахнада үлкен беделге ие болуына жағдай жасаған Елбасы Н.Назарбаевтың еңбегі орасан. Ендеше, Президенттің пікірлері мен шешімдерін жыл сайынғы халыққа Жолдауында бөлісіп отыруы, «Нұрлы жол» бағдарламасы да Қазақстанның қазіргі жетістігінің негізгі кілті. 

Сердар ЙЫЛМАЗ, 

философия докторы, Муғла Сыткы Кочман университеті, саясат және халықаралық қатынастар бөлімінің мүшесі