Үкімет • 24 Қазан, 2018

Асқар Мамин Еревандағы «Еуразия апталығы» форумына қатысты

122 реткөрсетілді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Ереванда өткен «Еуразия апталығы»: Еуразиялық экономикалық одақтың нақты секторы: интеграция жағдайында әлеуетті арттыру» атты халықаралық форумның пленарлық отырысына қатысты.

Форумға қатысушылар ал­дында сөз сөйлеген Ар­мения Премьер-министрі Нико­ло Па­шинян «Еуразия апталы­ғы­ның» маңыздылығын атап өтті. Со­нымен қатар ол бұл шара­ның ЕАЭО аясындағы ынты­мақ­тастықты нығайтуға ықпал ететін маңызды пікірталас алаңына айналатынына сенім білдірді.

2000-ға жуық адам қатысқан жиында сөз сөйлеген 150 баян­да­ма­шының ішінде Ресей Үкі­меті төрағасының бірінші орын­басары Антон Силуанов, Бела­русь Республикасы Премьер-ми­нис­трінің орынбасары Игорь Пе­тришенко, Қырғыз Республи­касы­­ның вице-премьері Жениш Ра­зақов, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тиг­ран Саркисян, үкімет минис­тр­лері, мемлекеттік корпорация­лар мен ЕАЭО-ға мүше мемле­кет­тердің бизнес өкілдері бар.

Қазақстан Премьер-Минис­трінің бірінші орынбасары А.Ма­мин өз сөзінде ЕАЭО-ға мүше мем­лекеттер алдында жаһандық экономиканың алдағы циклдық баяулауының салдарын азайту міндеті тұрғанын жеткізді. Сон­дай-ақ А.Мамин ЕАЭО елдерінің оңтайлы саясатының арқасында теріс үрдістерге қарсы тұра алатын механизмнің бар екенін де атап өтті.

«Бірыңғай экономикалық кеңістікті дамыту бағыттарын жүзеге асыру, ЕАЭО елдерінің на­рық­тарына кедергісіз кіруді қам­тамасыз ету шаралары сырт­қы факторларға қарамастан, осы елдер арасындағы сауда-сат­тықты арттыруға жақсы жағ­дай жа­сады. «Doing Business – 2018» рей­тингісінде ЕАЭО 190 орын­ның ішінде 35-ші болып тұр. 20­17 жылмен салыстырғанда 5 по­зи­­цияға көтерілген», – деді А.Ма­мин.

2018 жылдың қаңтар-шілде айларында ЕАЭО-ның өзара сауда-саттық көлемі 34,1 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ға көп. 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында ЕАЭО мүшелерінің сыртқы саудасы 419,6 млрд долларға жетті. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,7%-ға артық көрсеткіш.

ЕАЭО ішкі нарығындағы бизнес-ортаны жақсарту үшін түрлі салалардағы 15 кедергі жойылып, кәсіпкерлерді біраз қаржы шығынынан сақтап қалды.

Асқар Мамин ЕАЭО аясында тұрақты экономикалық өсім болуы үшін өңдеуші сектордың бәсекеге қабілетін арттыратын келісілген экономикалық саясаттың қажеттігін баса айтты. Бұл жұмыста ең алдымен, ЕАЭО-ның барлық мүшелерінің бәсекелестік артықшылықтарын интеграциялауға және қосылатын құн тізбегінде шығындарды азай­туға бағытталған ортақ өндірістік процестерді қалыптастыру керек.

«Ғарыш, медицина, табиғи ресурстарды өндіру, экология және ауыл шаруашылығы салаларында 130 бірлескен жобаны әзірлеу жос­пары жасалды», – деді А.Мамин. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары өндірістік әлеуетті одан әрі дамытудың басты мәселесі цифрландыру екендігін айтты. Ол «Еуразия апталығы» форумы ЕАЭО елдерінің экономикасын, инвестициялар мен экспорттық әлеуетін дамытудың, бизнес-процестерді интеграциялауды одан әрі тереңдетудің маңызды құралы болады деп сенім білдірді.

Ереванға сапары аясында Асқар Мамин «ЕАЭО аясында қазіргі заманғы даму парадигмасы» таныстырылымына барып, одаққа мүше елдердің өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көрмесінің жұмысымен танысты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысына да қатысты.
 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Сексеуіл, тораңғы және ілбіс

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар