Аударма • 24 Қазан, 2018

Жеңілдікпен сатылатын робот

276 реткөрсетілді

Ол жануар секілді қозғалып, тізесін бүгіп, белін қимылдатып, автотұрақ пен лай батпақты кесіп өтті. Суды жан-жағына шашып, тіпті сол жерде би де биледі. Содан кейін жолдағы кедергілерге соқтықпай, бағытынан жаңылған жоқ. Осы көріністің шынайы болғаны соншалық, төрт аяқты роботты қолына джойстик пен беліне компьютер байлаған адам басқарып тұрғанына сену қиын. 

Макс Агилера-Хеллвег, «Нью-Йорк Таймс»

КЕЙД МЕЦ және МАКС АГИЛЕРА-ХЕЛЛЬВЕГ, «НЬЮ-ЙОРК ТАЙМС» – УАЛТЭМ, МАССАЧУСЕТС

Бұл робот – SpotMini деп аталады. Оны жануарлар мен адамдар сияқты қозғалатын робот жасаумен танылған Boston Dynamics компаниясы құрастырды. 1992 жылы негізі қаланған компания жаңа жылдан бастап алғашқы коммерциялық робот – SpotMini-ді саудаға шығаруды жоспарлап отыр.

Әйтсе де мұндай роботтарды қандай мақсатта пайдалануға болатыны белгісіз. Бірнеше жылдан бері адамдар Boston Dynamics компаниясына «бұл бизнес пе, әлде зерттеу жұмысы ма?» деген сұрақты үздіксіз қойып келеді.

«Біздің ойымызша, мұндай техно­логия­ны тиімді қолдана бастауға мүм­кіндік бар. Алайда, қазір оның негізгі қыз­меті қандай болатынын нақты шешкеніміз жоқ», дейді компанияның негізін салушы Марк Райберт. 

Басқа компаниялар роботталған автомобильдер, жолдар мен қойма еден­дерінде еркін қозғала алатын құрылғылар жа­саумен шұғылданады. Ал жапондық SoftBank конгломератына тиесілі Boston Dy­namics тау-таста, орманда қиналмай жү­ре­тін машина құрастыруға кірісіп кетті. 

Қазіргі таңда жүргізушісіз басқа­ры­латын көліктер қолданысқа енбей, дер­бес қозғалатын роботтардың күні алыс секілді. Өйткені олардың әлі де кем­ші­ліктері бар. Олар кедергілерді анықтау немесе өрмелеу сияқты кейбір тапсырма­ларды өз бетінше жасағанымен, бейтаныс жерлерде әлі күнге дейін арнайы нұс­қаулықты қажет етеді. Анығын айтқанда, олар жиі сүрініп, жиі құлап жатады.

М. Райберт салмағы 75 килограмм, жүгіретін, секіретін, тіпті сальто жасай алатын антопоморфты робот Атласты ең үздік деп есептейді. Алайда, алғашқы сынақ кезінде инженер джойстикті басқанда, робот еденге құлап түсті.

SpotMini роботының сатылым жос­пары әлі шикі. Өйткені оның құны автокөліктің бағасынан кем емес және роботты құрылыс компанияларына сату көзделген. М.Райберт мырза олар­дың ойлы-қырлы, адамдарға қауіпті жер­лерде зат тасымалдауға мүмкіндік бере­тінін алға тартады. 

Технология жетілген сайын SpotMini жеткізу роботына не дербес күзетшіге айналуы мүмкін. 

Осының бәріне қарамастан, Boston Dynamics-тің бастамасына қызығушылық танытып отырғандар бар. Ұзақ уақыт зерттеуді қажет ететін технологияға Сауд Арабиясының ханзадасы Мохаммед бин Салман 100 миллиард доллар инвестиция салып, компаниямен серіктестік орнатты. 

Жапониялық ғалымдар роботтарды назардан тыс қалдырған емес. Google компаниясына тиесілі Schaft компаниясы Boston Dynamics сияқты машиналарды зерттеумен айналысады. Ал Toyota зерттеу институты Жапонияда қарттарға қызмет көрсететін роботтар жасаумен айналысып жатыр. 

Марк Райберт Boston Dynamics роботтарын бизнес өкілдеріне, үкімет пен басқа да клиенттерге сатқысы келеді. Адамдар мен жануарлардың әрекетін қайталайтын машина жасайтын ол өзін «темірге жан беруші» деп атайды. Оның мақсаты осы арқылы ақша табу болса да, ғылымға тигізер көмегі орасан.

Әрине таңданарлық жайт. Алайда, ро­боттардың сальто жасауға қабі­лет­тілігі сатып алушыларды жинай ала ма?

Мақаланы аударған Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Абай дүкені – Бельгияда

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Риза Исаева

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Дәурен Дариябек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Назерке Саниязова

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақылбек Шаяхмет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еркеғали Бейсенов

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Көгедай Шәмерхан

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Жасұлан Серік

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ақжол Қалшабек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрбек Нұржанұлы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 7

Руханият • Кеше

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Кеше

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Кеше

Кедергісіз келешек

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар