Әлем • 24 Қазан, 2018

Италияда эскалатор істен шығып, 30-ға жуық адам зардап шекті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рим қаласының метросында эскалатордың істен шығуынан 30-ға жуық адам зардап шекті: жетеуі ауыр жағдайда, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Италияда эскалатор істен шығып, 30-ға жуық адам зардап шекті

Ресейдің Италиядағы елшілігінен мәлім еткендей, зардап шеккендердің арасында мәскеулік ЦСКА футбол клубының жанкүйерлері бар.

Агенттіктің хабарлауынша, «Барлығы 30 адам жарақаттанды: жетеуі ауыр жағдайда, тағы бес адамның денсаулығы  салыстырмалы жағдайда ауыр деп бағалануда, 18-і жеңіл жарақат алған». «Repubblica» орталық метро стансасында оқиға болған уақытта ЦСКА-«Рома» матчын тамашалау үшін Олимпиадалық стадионға бара жатқан Ресей Федерациясының азаматтары да болған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, кенеттен эскалатор жылдам қозғала бастаған. Жолаушылар түсіп үлгермей, бірінің үстіне бірі құлай бастаған. Олардың бірі аяғынан айырылған. Метро алаңына полиция қызметкерлері, құтқару қызметтерінің көліктері дереу жеткен. Метро стансасы жабылды.