Қазақстан • 24 Қазан, 2018

Елмираға үміт артамыз

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстанның еркін күрес шеберлері бір күміс медальмен қорытындылағанын бұған дейін де хабарлағанбыз. Ол жүлденің иегері – 57 кило салмақта белдескен Нұрислам Санаев.

Елмираға үміт артамыз

Қазіргі кезде әйелдер күрес өкілдері арасындағы тартыстың нағыз қызып тұрған шағы. Өкінішке қарай, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында бірде-бір медаль жоқ. Марина Седнева (55 кило), Алтынай Сатылған (59 кило), Екатерина Ларионова (68 кило) және Жамилә Бақбергенова (72 кило) сынды спортшыларымыз өз жанкүйерлерін қуанта алмады. Осы күнге дейін боз кілемге шыққан жерлестеріміздің арасында тек Елмира Сыздықованың ғана жеңіс тұғырына көтерілуге мүмкіндігі бар. 76 кило салмақ дәрежесінде күш сынасып, Рио Олимпиадасы, Азия ойындары және құрлық чемпионатында жүлде алған аруымыз бүгін жұбаныш сайысына қатысады. Румынияның өкілінен айласын асырған жағдайда Елмира қола медаль үшін таласу құқығына ие болады.

Сонымен қатар, бүгін әйелдер күресінен қалған төрт салмақ дәрежесі бойынша бәсекелер басталады. Біздің балуандар арасынан Валентина Исламова (50 кило), Жұлдыз Ешімова (53 кило), Эмма Тисина (57 кило), және Аяулым Қасымова (62 кило) жарыс көрігін қыздырады. Ал одан кейін төрт күн бойы грек-рим күресі шеберлерінің айқасын тамашалаймыз.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»