Аймақтар • 24 Қазан, 2018

Астық мол болса, көңіл де тоқ

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы биыл 184,5 мың гектар аумаққа тұқым себілгендігін айтады.

Астық мол болса, көңіл де тоқ

Оның 95,3 мың гектары – дәндi, 10,3 мың гектары – майлы, 61,5 мың гектары – мал азығы түріндегі дақылдар. Ал 17,4 мың гектар жерге картоп, көкөніс және бақша дақылдарын еккен. Күріш – 87,3 мың гектар аумаққа егілген. Қазір гектарына 54,5 центнерден өнім айналып, 473 422 тонна астық жиналды. Жергілікті диқандар өткен жылы күріштін әр гектарынан 55,3 центнерден өнім алып, өңір тарихында алғаш рет қамбаға жарты миллион тоннадан астам астық құйып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген болатын.

Бүгінде 7483 тонна күздік бидай, 2695 тонна жаздық бидай, 368 тонна арпа, 3849 тонна дәндік жүгері, 1766 тонна тары қамбаға құйылды. Сондай-ақ, орташа өнім гектарына картоп – 174,5, көкөніс – 202,2, бақша дақылдары 235,7 центнерден алынды. Майлы дақылдар – мақсары мен күнбағыстың да шығымы биыл жақсы болып тұр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Соңғы жаңалықтар