Қазақстан • 24 Қазан, 2018

Қыстауда жарық себезгілейді

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық жер қатынастары басқармасы жаңғыртылмалы энергия көздері нысандары үшін 1100 гектардай жер бөлінетіндігін айтады.

Қыстауда жарық себезгілейді

Қыс-қыстау, жаз-жайлау, күз-күзекке шығып кететін малшылар бұрын «чабанка» деп аталатын дарылдақ движокты оталдырып, жарық алатын.

Бензинмен жұмыс жасайтын бұл аппарат сәл ауырлық түссе қақалып-шашалып сөніп қалатын еді.

Бүгінде күн, жел энергиясы пайдалануда бұл қиындықтар артта қалып барады.

– Күн панельдерін жылжымалы вагондарға және қыстаудағы үйлерімізге орнатып, игілігін көріп отырмыз. Одан алынған ток көзін күні бойы пайдаланамыз, – дейді «Жаңақорған Асыл Түлік» ЖШС төрағасы Сәрсенбек Молдашев.

Күн бұлтты болғанның өзінде энергия жинап алатын қондырғының қуаты біраз күндерге жетеді екен. Жер астынан су тартуға да күн панельдерін пайдалану әжетке жарап тұр.

Ауыл шаруашылығы басқармасы өткен жылы Сыр өңірінде 56 кәсіпкер өз қожалығына баламалы энергияны енгізсе, тек биылдың өзінде 132 шаруа қожалығы 154 күн панелін сатып алғандығын айтады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ