Аймақтар • 24 Қазан, 2018

Қостанайда жастар форумы өтті

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда «Тілі бірдің - тілегі бір» деген тақырыпта өңірлік жастар форумы өтті. Оған облыстың барлық шалғайымен қатар, көрші облыстардан да қонақтар катысты.

Қостанайда жастар форумы өтті

Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың құттықтауын жеткізді. Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұканов жастарды олар үшін мемлекеттің жасап отырған жағдайын, мүмкіндігін дұрыс пайдалануға шақырды.

«Үлкен болып қалу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға», деген Мухтар Шахановтың сөзін өздеріңе темірқазық етіп ұстаныңдар. Уакыт тез өтеді, уакытты дұрыс пайдаланыңдар. Білім алыңдар, еңбек етіңдер. Өз халқыңның дәстүрін, тілін білмесең Отаныңның патриоты болмайсың. Үш тілді де уйреніңдер, өмірде бәрі керек» - деді Сайран Балкенұлы.

Әскери қызметкер Денис Яков қазақ тілін қалай үйренгенін жастармен бөлісті. «Менің ерекше ықыласым болды, ниет болған жерде жеңіске жетуге толық мүмкіндік бар. Бір сырымды айта кетейін, мен Шымкентте ең жақын досым бар, ол маған қазақ тілін, мен оған орыс тілін үйреттім» - деді Денис.
Облыстағы тіл үйрету орталығында тұрғындар сұранысына қарай барлық тіл үйретеді. Форумға катысушылар Қостанайдағы өндіріс орындарын, мектептерді, бизнес орындарын аралады. 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ, 

«Егемен Қазақстан»

Қостанай