Спорт • 25 Қазан, 2018

Кукушкин әлемнің 10 ракеткасын ұтты

143 реткөрсетілді

Австрияның астанасы – Венада теннисшілердің ірі халықаралық турнирі басталды. Жүлде қоры 2 198 250 евроны құрайтын жарысты қазақстандық Михаил Кукушкин жеңіспен бастады.  

АТР рейтингінде 71 орында тұрған жерлесіміз өзінің тұсаукесер кездесуін Григор Димитровқа қарсы өткізді. Бұл күндері әлемнің 10 ракеткасы атанып отырған 27 жастағы Болгарияның атақты теннисшісі «Үлкен дулыға» турнирлерінде өрелі ойын өрнегімен көзге түсіп жүргенін жанкүйерлер жақсы біледі. Кезінде ол Уимблдон додасы мен Австралияның ашық біріншілігінде жартылай финалға дейін жеткен. АТР турнирлерінде 8 мәрте топ жарды. Осындай мықты қарсыласпен өткен бәсеке 2 сағат 23 минутке созылып, 6:4, 4:6, 6:4 есебімен Михаил Кукушкиннің пайдасына шешілді.

Екінші айналымдағы кездесуін жерлесіміз Андрей Рублевқа қарсы өткізеді. Үздіктер тізімінде 76 орында тұрған 21 жастағы Ресей теннисшісінің ең үздік нәтижесі – 2017 жылы Нью-Йоркте өткен АҚШ-тың ашық біріншілігінің ширек финалына шығуы. Осы жарыстағы алғашқы кездесуінде Рублев америкалық Денис Кудланы 7:6, 6:0 есебімен қапы қалдырған болатын.     

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 2

Руханият • Кеше

Баянғали туралы баян

Руханият • Кеше

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар