Саясат • 25 Қазан, 2018

Жергілікті қамту әлі жеткіліксіз

247 реткөрсетілді

Әлемдегі ең ірі үш кеніштің екеуі Атырау облысының аумағында орналасқан. Теңіз кен орнында қазір 250-ге жуық компания жұмыс істеп жатыр. Бірақ сол ірі жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың жергілікті үлесі 5 процентке әзер жетеді. Қазақстандық қамту мәселесі, отандық тауарларды қолдау жайы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары Мейрам Пішенбаев, Нұрлан Әбдіров, Бейбіт Мамраевтардың атыраулық кәсіпкерлермен кездесуінде айтылды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов: «Бұл жерде аттары дүние жүзіне әйгілі компаниялар жұмыс істегендерімен, жергілікті кәсіпкерлердің тауарлары мен қызметтерін пайдалануға мүдделі емес», - деп ашық айтты. Мысалы, Теңіз кенішінде бір вахталық ауысымда 50 мың адам еңбек етеді. Ал оларға азық ретінде берілетін тауық еті шекара асып Польшадан келеді. Себеп- біздің ет еуростандартқа сай емес екен. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жергілікті атқарушы билік стандартқа сәйкестендіріп құс фабрикасын салуды, сосын мұнайшыларға жергілікті өнімді беруді ұсынған, алайда фабрика іске қосылған күннің өзінде оның етінің өтуіне кепілдік жоқ. «Сондықтан, алдымен қазақстандық өнімді алып, жеткіліксіз болған жағдайда ғана шеттен тасымалдайтындай етіп заңға өзгеріс енгізу керек», - дейді Серік Шапкенов.

         Облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Абдолла Ыдырысовтың айтуынша, отандық тауарөндірушілер өнімдерін «NADLoC» платформасына, мемлекеттік сатып алу порталына ұсына алады. Алға қарай ТКШ Комитеті базасы мен отандық тауарөндірушілер реестрын біріктіру жоспарда бар, сол арқылы жобалаушылар жергілікті тауарлар тізімімен жобалау сатысында танысады. Ал палата басшысының орынбасары Серік Сәрсекеновтің ойынша, сатып алуларды өткізген кезде қазақстандық қамту көлемін заң жүзінде бекіту керек. Қазір ауыл шаруашылығында пайдаланылатын технологияның 90 проценті шетелден алынады, «Ал оны өзіміз де шығара аламыз», - дейді маман.

         Аймақтағы бизнес иелері кәсіпкерлер құқын қорғау, монополистерге қатысты заң жөнінде де ойларын ортаға салды. Елбасы Жолдауында көрсетілген мақсаттарды жұртшылыққа түсіндіру үшін құрылған ақпараттық топ құрамындағы депутаттар кездесуде айтылған мәселелерді Үкіметке жеткізетіндерін айтып тарасты. Биылғы Жолдауда да бизнесті дамытуға бағытталған жұмыстар анық көрсетілген, бұл атыраулық кәсіпкерлерге де сенім беріп отыр.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан» 

АТЫРАУ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Иесіз зындан. Дидар АМАНТАЙ

Ең қысқа әңгіме • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Ең қысқа әңгіме • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар