Медицина • 25 Қазан, 2018

Астанада «Сөзден іске» акциясы өтті (ФОТО)

235 реткөрсетілді

Кеше Астанадағы Ботаникалық саябақта «Сөзден іске/WalktheTalk/От слов к делу» атты ерекше акция өтті. Акция кезінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус, БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Афшан Хан скандинавтық жүгіруге қатысты.

Фото: Орынбай БАЛМҰРАМ

Бүгін елордада «Алматыдан басталған денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына» тақырыбымен медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша жаһандық конференция басталған болатын. Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған алқалы жиынға әлемнің 140 елінен 1700 делегат қатысуда. Осы әлемдік басқосу аясында ұйымдастырылып, ұзақ өмір сүру мен денсаулықты қорғауда салауатты өмір салтын сақтаудың маңыздылығын насихаттауды көздеген акцияға конференция қонақтарынан бөлек, 800-ден аса қала тұрғыны және күні кеше еліміздің ең алғашқы «Денсаулық елшілері» атағын алған грек-рим күресі бойынша Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, Гиннес рекордтар кітабына рекорды 7 рет енген, әлемдегі ең үлкен шөлдерді жүгіріп өткен марафоншы Марат Жыланбаев және «Спарта-Астана» КТК тобының капитаны Данияр Жұмаділов және басқалары қатысты. Марафон 1 км және 3 км қашықтықты жүгіріп өтті.

Акцияның ашылу салтанатында Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов сөз сөйледі. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан біз де осы қағидадан ауытқымағанымыз абзал. Егер өзіміздің денсаулығымызды қорғауға тырыспайтын болсақ, онда өзімізге, отбасымыздың бюджетіне ауыртпалық түсіреміз. Қазір фитнес-орталықтарда әр адам өзінің мақсатына қарай жаттығу жасай алатындай жақсы нұсқаушылар бар. Менің ойымша бұл өте қолжетімді. Алайда, дұрыс тамақтанбайынша оның нәтижесін көру мүмкін емес. Дұрыс тамақтанбау тұзды, тәттіні көп тұтынудан басталады. Сондықтан мамандардың ұсынымдарын орындауға тырысамын және оны сіздерге де ұсынамын», деді министр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директоры Тедрос Гебрейесус халық денсаулығын қорғауда және жұртшылықты салауатты өмір салтын сақтауға шақыруда аталған акцияның мәні ерекше екенін атап өтті. Ал ЮНИСЕФ Балалар қорының Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Афшан Хан семіздік, қант диабеті, депрессия және жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты жұқпалы емес аурулардың алдын алу және оны азайтудың бірден-бір жолы физикалық белсенділікті арттыру екенін айта келіп, әлемде семіздік ауруына шалдыққан адамдардың саны 1975 жылдан 2016 жылға дейін 11 миллионнан 124 миллионға дейін артқанын жеткізді.

ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Уәлихан Ахметов қатысушыларға белсенділігі, салауатты өмір салтына ұстанымдары және қызығушылығы үшін алғыс білдіріп, 5 жастан бастап 17 жасқа дейінгі әрбір бала күнделікті 1 сағат, ал 18 жастан асқан ересек адам күнделікті кем дегенде жарты сағат немесе аптасына 150 минуттан 300 минутқа дейін дене жаттығуымен айналысса денсаулықтары нығайып, инфаркт, инсульт, диабет, қатерлі ісік және тағы басқа да аурулардың алдын алуға болатынын айтты.

Майгүл СҰЛТАН,

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Кеше

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Кеше

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Кеше

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Кеше

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Кеше

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар