Қазақстан • 25 Қазан, 2018

Павлодар облысында элеваторларға 103,5 мың тонна астық жеткізілген

661 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде  «Жолқұдық элеваторы», «АТО Шарбақты элеваторы», «Мыңкөл элеваторы» ЖШС-тары, «Агро» фирмасы, «Павлодарлық Нива» және «Ертіс Агро» кәсіпорындары бар. Бұл кәсіпорындар жалпы көлемі 264,3 мың тонна астық қабылдай алады.  

Павлодар облысында элеваторларға 103,5 мың тонна астық жеткізілген

Ертіс ауданы астық алқабы

Бұған қоса өңірдегі көптеген орта және ірі шаруа қожалықтарының жеке астық қоймалары да бар. Астықтың ылғалдылығы аз болса,  элеваторларға тасымалдамай-ақ, жиналған өнімдерін қоймаларда сақтайтын көрінеді.  Күзгі жиын терін де аяқталып келеді.

Басқармасының мәліметінше, дәнді дақылдардың 722 мың гектары жиналған. Диқандары гектарынан орташа есеппен 12,3 центнерден өнім алуда. Жоғарғы көрсеткіш Железин ауданында, астық шығымдылығы гектарынан 13,1 центнерді құрады.  Облыста Ертіс ауданында жалпы көлемі 182 мың гектардан астам астықты алқап бар.

Өңірде жалпы көлемі 1 миллион 519 мың гектар шабындықтан 1311 мың тонна шөп дайындалды. Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 21 мың тонна дизель отыны бөлінген. Дизаль отыны шаруаларға арзандатылған бағамен сатылды. Облыс бойынша егістік алқаптарының жалпы көлемі 1 миллион 50 мың гектарды құрайды. 

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Соңғы жаңалықтар