Қазақстан • 26 Қазан, 2018

Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты

567 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты

Қазақстан әу бастан Орталық Азиядағы иннова­цияға ең жақын, қазіргі заман­ның прогрессивті технология­ларын кеңінен пай­даланған, жаңалықтан қашпаған, ескі түсініктерден ертерек құты­луға әрекет жасаған ел ғой. Сон­дықтан бүгінгі күні біздің өңір­­дегі танымал, жылдам өсіп келе жатқан көшбасшы елге айналды. Қазақстанның осы өңір ғана емес, бүкіл дү­ние жүзіне жақсы атымен, зор беделімен, позитивті имид­жі­мен танылған мемлекет еке­нін ешкім жоққа шығара ал­майды. Сол зор еларалық бе­дел Қа­зақ­станның ең негізгі ба­ға жет­пес байлығы, келешек­­те үл­кен табыс­тарды алып келетін ресурсы деп айтар едім.

Игі дәстүр биылғы жы­лы да жалғасын тапты. Қазақ­стан лидері Нұрсұлтан Назар­баев­тың жақында халыққа арна­ған Жолдауын мен қазақ мем­ле­кетінің тарихындағы жаңа кезең, жаңа бір дәуірдің басталуы деп қабыл алдым. Басқасын айт­пағанда Елбасының негізгі басымдық қатарында әлеуметтік саланы, адами ресурстарды атағаны маған ерекше әсер етті. Ғылым мен білім, жаңа заманауи технологияларды тұрмыста кеңінен пайдалану, сол салада істейтін адамдардың айлық жалақысын айтарлықтай көтеру сияқты мәселелер бір туған қазақ халқының өркендей беруіне жол салмақ.

Әрине, бұл бағытта Қазақ­стан­да бұдан бұрын да орасан зор жұмыстар жасалып, бірқатар еларалық деңгейлері жоғары университеттер, оқу орындары, академиялар ашылған болатын. Алдағы күндері бұдан  да ауқымды істер жүзеге асатыны Жолдауда тағы да атап көрсетілген екен. Мен, мәселен көп жылдар бойы осы әлеуметтік салада, со­ның ішінде ғылым және білім сек­торында еңбек етіп келе жат­қан адам ретінде Нұрсұлтан Назар­баевтың бұл бастамасына барынша қуандым.

Қазақстан басшысының бұл Жолдауы қазақ халқының жаңа бір тарихи кезеңге, жаңа бір дә­уірге қадам басқанын анық көр­сетеді дер едім.
Қазақ бауырлар, сіздердің қай уақытта да артта қалмай, ке­рек болса алдыға оза қадам ба­суға әрекет жасағандарыңыз – сіз­дер­дің бақыттарыңыз. Ла­йым сол қадамнан жазбау­ларыңызға тілек­теспін!

Осмонакун ИБРАИМОВ,

Қырғыз ҰҒА корреспондент-мүшесі, экс-Мемлекеттік хатшы