Қазақстан • 26 Қазан, 2018

Қазақстан біріншілігі басталды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада конькимен жүгіру спортынан Қазақстан біріншілігі басталды. Биылғы чемпионатқа 100-ге жуық спортшы қатысып, жаңа маусым алдында ұлттық құрамаға ілігу үшін күш салмақ. 

Қазақстан біріншілігі басталды

Қазақстан чемпионатында бағы жан­ған спортшы ұлттық құрамға алынып, шетелдегі ірі жарыстарда ел намысын қорғайтын болады. Чемпионатта ұлттық құрамадан бөлек, жасөспірімдер командасына да іріктеу жүргі­зілмек. Мамандар ұзақ және орта қашықтықтардағы бә­секелестік жоғары болады деп болжап отыр. Өйткені аталған қашықтық бойынша халықаралық нормативті орындаған спортшылар саны бөлінген квотадан да көп болып тұр.

Елордадағы «Алау» мұз айдынында өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты үш күнге созылады. 

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»