Білім • 30 Қазан, 2018

Астана­да «Жаңа дәуірдің мекте­бі» тақырыбында Х халық­аралық конференция өтті

775 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Назарбаев зияткерлік мек­­тептері» дербес бі­лім беру ұйымының 10 жыл­дығына орай Астана­да «Жаңа дәуірдің мекте­бі» тақырыбында Х халық­аралық конференция өтті. 

Астана­да «Жаңа дәуірдің мекте­бі» тақырыбында Х халық­аралық конференция өтті

Конференцияға Ұлыбри­тания, Финляндия, АҚШ, Қы­тай, Ресей, Германия, Нидер­ланды, Нор­вегия, Армения, Өз­бек­стан, Қыр­ғызстан және тағы басқа алыс-жақын шетел­дерден келген 2 мыңнан аса ға­лым мен мұға­лім қатысты. Сонымен қатар еліміздің түк­пір-түкпірінен кел­ген ең үздік мұ­ғалімдер де қаты­сып, өз ойларын ортаға салды. 

Халықаралық конференцияда шетелдік беделді сарапшылар мен спикерлер қа­ты­сушыларға арнайы дәріс оқы­ды. Атап айтар болсақ, Кем­бридж университеті бі­лім факультетінің деканы­ Сью­зан Робертсон «ХХІ ға­сыр дәуі­ріндегі жаһандық білікті­лік­терге ие оқушыға айнал: қиын­дықтар мен фактілер», Лондон университеттік колледжі Білім институтының құрметті профессоры, аты аңызға айналған педагог-психолог Шалва Амо­наш­вили «Мектепке дейінгі бі­лім берудегі гуманитарлық педагогиканың тәжірибесі», Гонконг университетінің білім саласы департаментінің директоры, қытай білім жүйесіндегі рефор­маторлардың бірі Кай-Минг Чен «Білім мен ғы­лым­ның маңызы туралы», EduCluster Finland – иннова­ция және сыртқы байланыс директоры, финдік білім жүйе­сінің инноваторы Дэвид Марш «CLIL мәнмәтінінде оқыту мен оқу қалай өзгереді?» жә­не Массачусетс технология­ инс­титутының профессоры То­мас Хаус «Оқушыларға негізгі хи­мия­ны қалай жеңілдетуге болады?» тақырыбында дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісті.

Астанадағы конференция 12 бағытта жұмыс істеп, 50-ден аса түрлі іс-шара өтті. Жиында бі­лім жүйесіндегі өзгерістер, мұғалімдерді оқы­ту, кәсіби дамыту жә­не олардың жан-жақты өркендеуі, орта білім бе­ру­дегі инновация мен тенденция жөніндегі пленарлық және секциялық отырыс­тар да ұйым­дастырылды. Сонымен қа­тар әртүрлі фор­­мат­тағы жұ­мыс, яғни баян­дамалар, шеберлік са­ғаттары, презен­тация­лар, дөңгелек үстелдер, панельдік дискуссиялар, семинарлар, постер-сессиялар мен білім ресурстарының көрмесі де ұйымдастырылды.

«Назарбаев зияткерлік мек­теп­тері» дербес білім беру ұйы­мы­ның басқарма төрайымы Кү­ләш Шәмши­динованың ай­туы­н­ша, кон­ференцияға қаты­суға өтінім бергендердің са­­ны өте көп­­ болғандықтан, ең­ үз­дік­ дегендерін таңдап ал­ған. «Биыл­­ғы халықаралық кон­ференцияның бір ерекшелігі – мың­нан аса ғылыми баяндама келіп түсті. Осы баяндама бойынша сарапшылық топ жұмыс істеп, таңдап алынған 200 баяндама тыңдалымға жіберілді. Сондай-ақ еліміздің және шетелдің мұғалім, директорлары өздерінің баяндамаларымен шығып жатыр», дейді К.Шәмшидинова.

Осымен сегізінші рет ұйым­­­­дас­тырылған екі күндік кон­ференция білім саласының отан­дық және ғаламдық ең өзекті мә­селелерін талқылауға арналған ғылым әлеміндегі бедел­ді алаңға айналып үл­герді.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»