Ауыр атлетика • 30 Қазан, 2018

Зілтеміршілер Ашхабадқа аттанды

139 реткөрсетілді

  1 қарашада Түркіменстанның бас шаһары – Ашхабадта ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады. 10 күнге созылатын жарыс барысында 16 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Допинг дауына байланысты Қазақстан құрамасы былтыр АҚШ-тың Анахайм қаласында ұйымдастырылған дүниежүзілік додадан шет қалғаны белгілі. Ал оның алдындағы жарыстарда жерлестеріміз өрелі өнерімен төрткүл дүние жанкүйерлерін сүйсіндіріп, керемет нәтижеге қол жеткізіп жүрді. Алысқа бармай-ақ, өзіміз қатысқан соңғы екі әлем чемпионатының нәтижелері жайында баяндасақ та, көп жайтқа қанық боламыз. Мәселен, 2014 жылы Алматыда жалауы желбіреген жарыста 3 алтын, 2 күміс және 1 қоланы иеленіп, командалық сайыста екінші орынға тұрақтадық. 2015 жылы Хьюстондағы додада 2 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдені қоржынға салып, жалпы есепте үшінші орынға табан тіредік.

Ашхабадта өтетін бәсекеде Қазақстанның намысын мына спортшылар қорғайды:

Ерлер – Арли Чонтей (55 кило), Фархад Харки (67 кило), Нижат Рахимов (73 кило), Айдар Қазов (81 кило), Денис Уланов (89 кило), Рүстем Сыбай (96 кило), Александр Зайчиков пен Ибрагим Берсанов (109 кило) және Елдос Сайлау (+109 кило).

Әйелдер – Зүлфия Чиншанло (55 кило), Сәуле Сәдуақасова (59 кило), Әсем Садықова мен Карина Горичева  (64 кило), Надежда Лихачева  мен Екатерина Столяренко (71 кило), Екатерина Быкова (76 кило), Раушан Мешітханова (87 кило) және Айзада Муптилда мен Александра Аборнева (+87 кило).    

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Бүгін, 10:33

Сипаты бөлек «сыпайылық»

Руханият • Бүгін, 10:07

«Құныскерей» – құнды еңбек

Руханият • Бүгін, 09:53

Қазақ тарихының қасіреті

Руханият • Бүгін, 09:44

Ертегілік ес әлемінің өкілі

Руханият • Бүгін, 09:37

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Бүгін, 09:31

Заманымыздың Білге Қағаны

Руханият • Бүгін, 09:22

Ұқсас жаңалықтар