Күрес • 30 Қазан, 2018

Дзюдошылар Әбу-Дабиде үш жүлде алды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Дзюдодан БАӘ-нің астанасы – Әбу-Дабиде «Гранд Слэм» турнирі өз мәресіне жетті. Айтулы жарысты Қазақстан құрамасы 1 күміс және 2 қола медальмен қорытындылады.

Дзюдошылар Әбу-Дабиде үш жүлде алды

Бұған дейін біз Ерлан Серікжановтың (66 кило) күміс және Ғұсман Қырғызбаев (60 кило) пен Дидар Хамзаның (81 кило) қола жүлдені иеленгені жайында хабарлағанбыз. Өкіншіке қарай, жарыстың соңғы күні жерлестерміз өз жанкүйерлерін жерге қаратты. Тұсаукесер кездесуінде Әзиз Қалқаманұлы (90 кило) израильдік Ли Кошманға, Әділхан Қозыбаев (100 кило) латвиялық Евгениюс Бородавкаға, Ерасыл Қажыбаев (+100 кило) голландиялық Хенк Гролға және Ғалымжан Қырықбай (+100 келі) чехиялық Лукаш Крпалекке есе жіберді. Ал Ислам Бозбаев (90 кило) екінші белдесуінде татами қожайыны Сержу Томадан ұтылды.

Ерлер сайысында Грузияның үш бірдей қыраны жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Олар – Амиран Папинашвили (60 кило), Важа Маргвелашвили (66 кило) және Лаша Шавдатуашвили (73 кило). Өзге салмақ дәрежелерінде израильдік Саги Муки (81 кило) мен Пальчик (100 кило) және ресейлік Михаил Игольников (90 кило) пен Инал Тасоев (+100 кило) жеңімпаз атанды.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»