Театр • 31 Қазан, 2018

Талдықорғанда заманауи театр ғимараты ашылды

1201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді Талдықорғанда әлемнің озық сәулет үлгісі бойынша салынған су жаңа театр ғимараты бар. Осыдан екі жылдан сәл асатын мерзім бұрын кезекті театр маусымының ашылуына орай қазығы қағылып, іргетасы құйылған өнер ордасы пайдалануға беріліп, көрерменге есік ашты.

Талдықорғанда заманауи театр ғимараты ашылды

Театр ғимаратының лентасы «Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты Орталық Азия елдерінің VII халықаралық театр фестивалінің ашылуына орай қиылды. Биыл бұл өнер додасы Темірбек Жүргеновтың туғанына 120 жыл толуы құрметіне өткізіліп отыр.

Жалпы, еліміз бойынша ең қысқа мерзім ішінде салынған театр ғимараты 510 орынға лайықталған. Бағзы еуропалық сәулет пен тамыры терең қазақы мәдениеттің сипаттарын қазіргі заманғы озық тәсілдермен бәдіздей өрген театр үйі 2 қбаттан тұрады. Аумағы 10538 шаршы метр. Қазір жаңа ғимаратқа Бикен Римова атындағы Талдықорған театры көшіп, қоныстанып үлгерді. Кеше театр сахнасының тұсауы М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалы драмасымен кесілді. Спектаклді қазақтың дарынды режиссері Нұрғанат Жақыпбай сахналады.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы