02 Қараша, 2018

Бразилияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

177 реткөрсетілді

Қазақстан мен Бразилияның қарым-қатынастарының тарихында тұңғыш рет елімізге осы мемлекеттің Сыртқы істер министрі ресми сапармен келді.

Сапар аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әб­дірахманов Оңтүстік Америка құр­лығынан келген әріптесі Алоизио Нунес Феррейрамен ресми кездесу өткізді. 

Кездесу барысында Қ.Әбді­рах­манов А.Феррейраны өткен жек­сенбі күні Бразилиядағы пре­зи­дент сайлауының өтуімен құт­тықтады. 

– Бразилия біздің Оң­түс­тік Америка мен Латын Аме­ри­ка­сын­дағы және халықаралық аре­на­дағы басты серіктесіміз. Екі ел географиялық тұрғыда ал­шақ жатқанымен, бізді достық пен ын­тымақтастық, өзара сый­ластық, әрі қарайғы тиімді қарым-қатынастарға мүдделілік байланыстырады, – деді Қ.Әбдірахманов. 

Министрлер екі мемлекеттің сауда-экономикалық, инвес­ти­ция­лық бағыттарда өзара байланысын нығайта түсу қажет деген тоқтамға келді. Өткен жылы мемлекеттер арасындағы сауда айналымы 135 млн АҚШ долларына жеткен. 

Ал Бразилияның ауыл шаруа­шылығы саласында әлемдегі көшбасшылардың бірі болуы да ынтымақтастықтың жаңа қыр­ларын ашуға септігін тигізбек. 

Оған қоса, 2016 жылдан бастап Қазақстан мен Бразилия арасында визасыз режім енгізілген. 

Ал биыл еліміз алғаш рет Бра­зи­лияға уран тасымалдай бастады. Атап айтқанда, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ  Бразилияның «INB» кәсіпорнының халықаралық тен­дерін жеңіп алған болатын. 

– Қазақстан өз тарапынан Бразилиямен жасыл технологиялар, энергетика, әскери-техникалық, ғарыш және туризм саласында бай­ланыстарды жандандыруға мүд­делі, – деді Қ.Әбдірахманов.

Ал көпжақты қарым-қатынас­тарға келер болсақ, Қазақстан мен Бразилияның халықаралық бейбіт­шілік және қауіпсіздік мәселелеріне байланысты көзқарастары ұқсас. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы алдағы жылы Бразилияда португал тілінде жарыққа шығатындығы айтылды. Осы арқылы Қазақстан Президенті бастамашылық еткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы оңтүстікамерикалық құрлықта да тәжірибе жүзінде іске асырылмақ. 

Кездесу барысында өзара қарым-қатынастардың басым бағыттары белгіленді.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Алматы еліміздің мәдени орталығы

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Жаңаөзенде «Баста» форумы өтті

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Алғашқы күні жүлде бұйырмады

Спорт • 18 Қазан, 2019

«Алтын бутса» иесі атанды

Спорт • 18 Қазан, 2019

Тағы овертаймда ұтылды

Хоккей • 18 Қазан, 2019

Жәнияның жұлдызы жарқырады

Руханият • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар