Аймақтар • 02 Қараша, 2018

Қармақшылықтар Вахид Губановты еске алды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сталиндік зұлмат кезінде қазақ жеріне қоныс аударған шешен азаматы Вахид Губановты қармақшылықтар үлкен ілтипатпен еске алады.

Қармақшылықтар Вахид Губановты еске алды

Жақында Вахид Ахмадұлының құрметіне «Физиология және медицина: Дене тәрбиесінің өзекті мәселелері» атты ІІ-ші халықаралық ғылыми- тәжірибелік коференция өтті. Алқалы жиынға аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен спорт саласының мамандары қатысты.

Екі мыңыншы жылдары «Ғасыр адамы» номинациясына ұсынылған Вахид Губанов ұлттар арасындағы достыққа өлшеусіз еңбек сіңірген азамат. «Даймохк» шешен-ингуш этно-мәдени орталығының төрағасы Абу-Қасым Хажалиев «оның өмірі жастарға үлкен өнеге» дейді.

Асыл азаматты еске алуға арналған дзюдодан облыстың ашық турнирін ұйымдастырған аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының директоры Бауыржан Әбенғалиев Қазақстан мен Шешенстан арасында берік байланыс орнағандығын,ондағы азаматтардың қазақ халқына құрметі зор екендігін айтады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА