Қазақстан • 06 Қараша, 2018

Мәжілісте Орал Мұхамеджановты еске алуға арналған конференция өтті

406 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мәжілісте белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, III-V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, III және IV шақыры­лымдағы Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановты еске алуға арналған конференция өтті.

Мәжілісте Орал Мұхамеджановты еске алуға арналған конференция өтті

Іс-шара О.Мұхамеджанов­тың туға­нына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Оған Мәжі­ліс Төрағасы Нұр­лан Нығ­­ма­ту­лин, Парламент депу­тат­та­ры, қоғам қайраткерлері, О.Мұха­мед­жановтың жары Шол­­пан Ғалым­жанқызы, отбасы мүше­лері, туған-туыс­тары және жақын­дары қа­тысты. 

Алдымен жиналғандар Орал Байғонысұлының өмірі мен қызметіне арналған фото­көр­менің ашылуына куә болды. 

О.Мұхамеджанов облыс­тық тұтынушылар одағынан бас­тап, комсомол және партия­ ұйымдарында, ауылдық әкім­ші­ліктерде, сонымен бірге об­лыстық халық депутаттары кеңесінде басшылық қызмет­терде болды. Жоғарғы кеңеске де депутат болып сайланды. Кейін Үкімет аппаратында, Президент Әкімшілігінде көп жылдар жауапты қызметтер ат­­­қарды. Содан соң, 9 жыл бойы өмірінің соңғы күн­де­ріне дейін Парламент Мәжі­лісінің екі рет төрағасы, депутаты болып елге, халыққа қызмет етті. Экс-спи­кер­дің осы жылдардағы өмірі­нің ең жарқын сәттері арнайы көрмедегі фотосуреттер ар­қы­лы баяндалып тұрды. 

О.Мұхамеджанов көзі тірі­сінде «Құрмет», «Парасат», Дос­тық (РФ), «Содружество» (ТМД ПАА) ордендерімен ма­рапат­талған. 

Еске алу конференциясын Мәжіліс депутаты Нұр­тай Са­бильянов жүргіз­ді. Ол ал­ғаш­қы сөзді Мә­жі­ліс Төр­ағасы Нұрлан Нығматулин­ге берді.

Мәжіліс Төрағасы өз­ сө­зін­де 2013 жылы өмір­­ден оз­ған мемлекет және қоғам қай­раткер О.Мұхамеджанов­пен танысқан сәтін қызметтес болған кез­де­рін еске алып, көрнекті тұл­ға­­ның кісілік, адамгершілік қа­сиеттеріне тоқталды.

– Орал Байғонысұлының өзінің қызметін туған жері – Қостанай облысынан бастап, өмірінің соңына дейін елім деп, жерім деп еңбек етті. Қа­зақстанымыз егемендік ал­ған бірінші күннен бастап, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қа­сында болып, әрқашанда Пре­зидентіміздің саясатын қолдап, еліміздің дамуына үлкен үлес қосқан азамат еді. Елбасымыздың барлық бастамаларына белсене араласып, қай жерде, қандай қызмет атқарса да, іскерлігімен, жа­уап­­кершілігімен адамгер­ші­лік және парасаттылық қа­сиеттерімен танылды. Әр­қа­шан­да абыройы жоғары, бе­­делі биік болды, – деді Н.Нығматулин. 

Орал Байғонысұлының жан-жақты қабілеті зор, мақ­сат­қа берік, қызметке адал болғанын алға тартқан Мә­жіліс Төрағасы оның есімі еліміз тарихында, соның ішін­де Мәжілістің тарихында мәң­гі­лік сақталатынын айтты. 

Орал Байғонысұлының сөз­ге шешендігі, заң шығару­шы органның жұмысына қос­қан ерекше үлесі айтылды. 

Мәжіліс Төрағасы­ның­ сө­зі­нен соң О.Мұхамеджанов­тың ғұмырынан сыр шертетін бей­не­фильмнің көрсетілімі болды. 

Сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткері Орал­­­­бай Әбдікәрімов, Се­нат Төр­ағасының орынбасары Сер­гей Громов, Қо­ғам­дық даму министрі Дар­хан Калетаев, IV шақы­ры­лым­­­дағы Мәжіліс Төраға­сының орынбасары Влади­мир Бобров, Қостанай облыс­тық мәслихатының хат­ш­ы­сы Сайлаубек Есжанов және басқалар Орал Байғоныс­ұлы­ның ғибратты ғұмыры мен өнегелі еңбек жолын ерекше тебіреніспен баяндап берді.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»