Пара бопсалаған Жол-патрульдік полициясы батальонының инспекторы бар болғаны 25 жаста ғана. Осыдан сәл бұрынырақ Жеке қауіпсіздік басқармасына әйелден полицейдің өзінен ақша бопсалағаны жөнінде шағым түскен болатын. Қазір осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. ҚР ҚПК 128- бабы бойынша ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына отырғызылды.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай