Ричард ДРЬЮ, Associated Press. Денеге таңылған Fitbit фитнес білезігі жүрек соғысын, ұйқыны және физикалық қозғалысты тіркеп отырады.
Кристин ХАУСЕР, «Нью-Йорк Таймс»
Полиция мәлімдемесіне қарағанда, үйдегі байқалмайтын бақылаушы кездесудің соңы адам өлімімен аяқталғанын көрсеткен.
Бес күннен кейін Айеллоның өгей қызы 67 жастағы Карен Наварраның мойны мен басына ауыр жарақат түскен денесін үй қызметшісі тауып алған. Ол Fitbit компаниясының дене жағдайын бақылайтын құрылғысын тағып алған екен. Тергеушілердің айтуынша,
8 қыркүйекте түскі 3:20 шамасында оның жүрек соғысы атқақтап кеткенін көрсетіпті. Сол уақытта Айелло мырза үйде болған. Кейіннен құрылғы жүрек соғысы бірден баяулап, 3:28-де біржола тоқтағанын тіркеген. Бұл Айеллоның үйден кетуінен 5 минут бұрын болатын.
Кейінірек Айелло адам өлтіргені үшін тұтқынға алынды. Адамдардың өз денсаулығын бақылауына көмектесетін құрылғы ақырында ұялы телефондар, GPS навигаторлар, видеолар секілді заң аясында қылмысты ашуға қолданылатын технологиялардың қатарынан табылды.
Денеге таңылған мұндай құрылғы адам өмірі үшін аса маңызды. Жүрек соғысы, ұйқы және физикалық қозғалыстың бәрін тіркейтін аппарат кенет кездесетін қиын және қалыпты оқиғалардың бәрін тіркеп отырады.
Fitbit-тің жинаған деректері
2015 жылы Пенсильвания штатындағы зорлау оқиғасын, 2014 жылы Канадада дене жарақатын салу сәтін анықтауға көмектесті. 2017 жылы Сиэтл штатында Garmin Vivosmart компаниясының GPS навигаторы әйел мен бұзақының оқиғасын тіркеді. Сол жылы Коннектикутта тергеушілер әйелін өлтірген ер адамды Fitbit құрылғысы арқылы ұстады.
«Есіктегі қауіпсіздік қоңырауы мен Fitbit секілді өмірдегі кейбір мәселелерге көмекші құралдар аса қауіпті қылмыстардың бетін ашуға көмектеседі», дейді Калифорния штатындағы Санта Клара округінің аудандық адвокаты Джефф Росен.
Полицияның айтуынша, Сан Хоседегі оқиғада олар тергеу барысында бейнебақылау мен Наварра ханымның Fitbit құрылғысындағы деректерді пайдаланған. Жалғыз тұратын оның білезігіне тағылған аппарат деректерді үйіндегі компьютерге жүктеген.
Полиция Наварра ханымның Fitbit деректерін бейнебақылаумен салыстырғанда, оның жүрегі тоқтаған уақытта Айеллоның көлігі әлі де үйдің қасында тұрғанын анықтады.
Полиция детективі Брайан Микердің айтуынша, Айеллодан жауап алу кезінде оған қарсы мәліметтер айтылды. «Fitbit-тің уақытты, физикалық қозғалысты және жүрек соғысын тіркеу қабілеті туралы түсіндірілгеннен кейін, Наварра ханымның ол үйден кетпес бұрын қайтыс болғаны туралы айтылды», делінген детектив Микердің баяндамасында.
Айелло оның мүмкін емес екенін, Наварра ханымның есікке дейін шығарып салғанын айтып өзеуреді.
«Мен оған екі жүйеде де интернет уақыты қойылғанын және қателесуі мүмкін емес екенін түсіндірдім», дейді детектив Микер.
Бұдан соң детективтер Айеллоны тергеу бөлмесіне жалғыз қалдырып кетеді. Полиция баяндамасына сүйенсек, содан кейін ол «Бәрі бітті», дегенді қайталай берген.
Мақалаларды аударған
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
Светлана Ғалымжанқызы,
«Егемен Қазақстан»