Білім • 07 Қараша, 2018

Солтүстік Қазақстан университетіне 46 үндістандық білім алуға келді

55 реткөрсетілді

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан  мемлекеттік университетінде биылғы оқу жылында жалпы медицина мамандығы ашылып, болашақ  дәрігерлер даярлана бастады.

Жуырда олардың қатарын Үндістаннан келген  46 азамат толықтырды.  Медицина жоғары мектебінің директоры Әсет Ізденовтың айтуынша Үндістан Республикасының аумағында СҚМУ медициналық мамандықтар бойынша кадрлар әзірлейтін жоғары оқу орны ретінде тіркеліпті.  Енді екітараптық келісімге орай 150-ге жуық студенттің теріскейде білім алуына шешім қабылданыпты. Олардың алғашқы  тобы ат басын тіреп, жайлы  жатақханаларға орналастырылыпты.

«Қазір жалпы медицина мамандығы бойынша 108 студент дәріс алады. Үндістаннан келген студенттер Қазақстанда білім алғаны үшін жылына 850 мың теңге мөлшерінде қаражат төлейді. Бұл жергілікті жастар төлейтін ақыға қарағанда 30  процентке көп. Ол жақта  болашақ дәрігерлерді даярлайтын жоғару оқу орындары тапшы, әрі оқу құны 5-10 есе қымбат көрінеді»,  дейді Ә. Ізденов.

«Физиология, анатомия және морфология», «Гистология  және жасушалық биология» жаңа инновациялық зертханалары құрылады. 3Д стимуляторлар – оқыту бағдарламалары, медициналық оқулықтар сатып алынады. Бұл мақсаттарға университет бюджетінен 100 миллион теңге бөлінген.  Жатақханалармен, білікті ұстаздардармен қамтамасыз етілген.

Үндістанның  Джайпур-Раджистан қаласынан осында арман қуып келген Амир Кхан бес жыл білім алуға қуана келісіпті. Мүмкіндік болыр жатса,  солтүстікте қалуға ниетті.

Студенттерге жергілікті ұстаздар мен Иорданиядан арнайы шақыртылған оқытушылар  дәріс оқиды. Жақын арада  Үндістан Республикасынан тағы 100 студент келеді деп күтілуде.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Несие пайызы төмендеуі мүмкін бе?

Экономика • Бүгін, 09:19

Халің қалай, ауыл мектебі?

Қоғам • Бүгін, 09:12

Ұқсас жаңалықтар