Бұл ел тарихында тұңғыш рет олимпиадалық салмақта қол жеткізілген жақсы жетістік, әрі жоғары нәтиже. Осыған байланысты Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оған облыс орталығынан екі бөлмелі пәтердің сертификатын тапсырды. Бүгінгі күні белгілі қазақстандық еркін күрес шебері Нұрислам Санаев 2020 жылы Токиода өтетін 31 жазғы олимпиада ойындарына қатысуға белді бекем буып отыр. Бұл үшін ол алдағы 2019 жылдың қыркүйек айында Астанада күрес түрлері бойынша өткізілетін Әлем чемпионатында жоғары нәтижелер көрсетуге тиіс.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе