Аймақтар • 07 Қараша, 2018

Алматыда педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық мүмкіндіктері артып келеді

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ағымдағы жылғы 1 маусымда жариялаған «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі жұмысын қорытындылап, жеңімпаздарын анықтады.

Алматыда педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық мүмкіндіктері артып келеді

Бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында 22 номинация бойынша ұйымдастырылған конкурс мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін қамтыды. Конкурстың ережесіне сәйкес бейнедәріс, бейнесабақтар, практикалық-лабораториялық жұмыстар үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) қабылданды. Конкурстың өңірлік кезеңіне ұсынылған 115 мұғалімнің жұмысы әділқазылар алқасының сараптауынан өтті.

Әділқазылар алқасы бейне-сабақтарда оқушылардың белсенділігі, көп білсем деген құмарлығы, олардың ізденімпаздығына көңіл бөлді. Сабақты жаңашылдықпен өткізіп, шәкіртінің білім, білік дағдысын қалыптастыруда ұтымды әрекеттер жасауға ұмтылған мұғалімдердің конкурсқа ұсынған еңбектері елеусіз қалған жоқ. 61 мұғалімге сертификат тапсырылды.  22 номинация бойынша жүлделі орындарды иеленген 54 мұғалімді «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры, педагогика ғылымының докторы Раиса Садвакасова салтанатты жағдайда құттықтап, конкурстың республикалық кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінулеріне ізгі тілегін білдірді.

Қалалық конкурста жүлделі орынды иеленген мұғалімдер республикалық сайысқа қатысып, онлайн-режимде дауыс жинайтын болады. Кәсіби шеберлігі сынға түсетін жарыс додасында ұстаздарымыз жүлдегер болатыны сөзсіз.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ