Қазақстан • 08 Қараша, 2018

Қазақстандағы инновация: Сарапшылар пікірі

307 реткөрсетілді

Боб ДОРФ, 

кәсіпкер, «The Startup Owners Manueal» кітабының авторы:

– Мен әлемнің көптеген елдерінің стартап көрмелерінде болдым. Бұл – Қазақстанға алғашқы сапарым. Шынымды айтсам, Қазақстан стартаптарымен тәнті етті. Осы уақытқа дейін 60-қа жуық жобамен таныстым. Бір байқағаным, қазақстандық жоба жасаушылар оңай әрі қолжетімді технологияларды пайдаланып, тиімді, қызықты бағдарламалар жасаған. Сондықтан, Қазақстанның инновациялық технологиялар саласынан көп үміт күтемін. Бұл салаға мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп, көңіл бөліну күндердің күні әлемдік маңызы бар бастамалардың қолға алынуына алып келеді. Қазақстан Үкіметінің стартап саласына инвестиция бөлуін қолдаймын. 

Джозеф ЦИГЛЕР, 

«Astana Hub» бас атқарушы директоры:

– Қазақстанның стартап жүйелеріне үлесімді қоса алғаныма қуаныштымын. Стартаптың тек идея жүзінде емес, нақты іске асырылып жатқаны қуантады. «Astana Hub»-тың жаңа басшысы ретінде осындағы стартаптарды дамытып, бұған жастарды да жұмылдыруға тырысамын. 

Қазір барлығы Силикон алқабында жасалған дайын өнімдерді көшіріп алуға әуес. Бұл дұрыс емес. Жаңа қызметімде Қазақстанның жеке, бейімделген «Силикон алқабын» жасауға тырысамын. «Astana Hub» тек жаңа технологиялар жасайтын алаң емес, оқыту алаңына айналғанын қалаймын. Кәсіпкерлік туралы кеңестер мен технологиялар саласындағы білімді арттыруға, кибертехнология туралы ақпарат алуға мүмкіндік бергіміз келеді. 

Ольга АФАНАСЬЕВА, 

UVCA атқарушы директоры:

– Жүздеген стартап таныстырылған үлкен форумға қатысу себебім – Украина мен Қазақстан арасындағы инновацияға негізделген көпір түзу. Қазақстанда стартапты дамытуға билік пен кәсіпкерлер жұмыла кіріскен. Мемлекет тарапынан қолдаулар мен жеке кәсіпкерлердің инвестициялары бұл саланың үлкен жетістіктерге жететініне қазірдің өзінде сендіреді. Әртүрлі қауымдастықтар мен қорлардың ашылуы стартап жобалардың қарқынын күшейтпек. Қазақстан мен Украинаның инновациялық технология саласындағы мықты тұстарын біріктірсек, үлкен жетістіктерге жете аламыз деп ойлаймын. 

Жан-Француа ГОТЬЕ, 

«Startup Genome» бас директоры:

– Канададан Қазақстанға ІТ технологиялар саласын дамытуға көмек беру мақсатында келдік. Қазақстанды АҚШ және Еуропамен байланыстыра аламыз деп ойлаймын. Бұл үшін барынша кооперативті болуымыз қажет. «Startup Genome» компаниясы осы саладағы өз тәжірибесімен бөлісуге дайын. Қазақстанның инновация мен технологиялар саласындағы әлеуеті өте жақсы. Бұған қоса, елде инженерлік және ақпараттық тұрғыдан нәтижелі жобалар бар. Олар болашақта Қазақстанның инновациялық технологиялар саласының гүлденуіне септігін тигізеді деп сенемін. 

Дайындаған 

Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар