Әлем • 08 Қараша, 2018

АҚШ-тың бас прокуроры отставкаға кетті

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп бас прокурор Джефф Сешнсті отставкаға жіберді, деп хабарлайды euronews.com.

АҚШ-тың бас прокуроры отставкаға кетті

Джефф Сешнстің қызметінен нақты не себепті босатылғаны белгісіз. Әзірге оның міндетін бас прокурор басқармасының жетекшісі Мэтью Уитэкер уақытша атқарады.

Сешнс өзінің өтінішінде қызметінен Президенттің сұрауымен кетіп бара жатқанын жазған. Алайда Ақ үй басшысы бұл іске қатысты түсініктеме беруден бас тартты.